Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Елдегі жарлы-жақыбайды азсынып әлемге шығып кетіпті

13 тамыз 2020, 11:00

Лазарь қайыршы мен министр

Баяғыда бір асқан бай болыпты, ішпегені алдында, ішіп-жегені артында дегендей шалқып өмір сүріпті. Соның есігінің алдында күнде бір қайыршы жатады екен. Әлгі байғұс байдың жуындысымен жан бағады. Мырза оған бір рет те жақсылық жасамапты. Уақыты келгенде қайыршы өледі. Өлгенде де Ибраһим пайғамбар бастаған әулие-әмбиелердің ортасына түсіп, жұмақ төріне жайғасады. Бай да өледі. Әлгі қайыршыға қайыр көрсетпегені үшін тозаққа тап болады. Тозақ оты шыжғырған байғұс биіктегі Ибраһим пайғамбарға дауыстап: Ана жүрген қайыршыдан бір жұтым су беріп жіберші, таңдайым кепті! - деп жалбарынады. Сонда: Әй, сен ана өмірде рахат көрдің, ол азап шекті, енді сен азаптанасың, ол рахаттанады, шыда. Жұмаққа түскісі келгендер кедей-кепшікке қайырымды болуы керек, - деген жауап естиді.
"Жаңа өсиеттегі" Лазарь туралы бұл аңызды Қазақстанның сыртқы істер министрі оқып алған-ау деймін. Күнәсі де аз емес секілді? Елдегі жарлы-жақыбайды азсынып әлемге шығып кетіпті. Әлгі д'Артаньян туралы кинодағы әйеліне ие бола алмайтын Боносье бейбақ алтын ділдәні алақанында сығымдап тұрып: "Менің бір ауыз сөзім Францияны құтқарды" деуші еді. Біздің боносеьлер дүниежүзін құтқарып жүр.


Serik Abikenuly
Фейсбуктегі парақшасынан