Тіл - тас жарады...

Елдегі жемқорларға тек имамдар тарапынан ғана ескерту жетпей тұр екен ғой ә?

  • Елдегі жемқорларға тек имамдар тарапынан ғана ескерту жетпей тұр екен ғой ә?

    Елдегі жемқорларға тек имамдар тарапынан ғана ескерту жетпей тұр екен ғой ә?

Аблязовтың айтағына ергіштер! Енді бар бәлені имамдарға үйіп төге бастадыңдар ма? Сендердің пайымдауларыңша елдегі жемқорларға тек имамдар тарапынан ғана ескерту жетпей тұр екен ғой ә? Егер бас мүфти эфирге шығып: Мемлекеттің қаржысын жымқыру үлкен күнә, харам болады,- десе барлық жемқорлар қорқып, бірден тақуаға айнала қалады ма? Сендер тек өздеріңнің бүлікшіл арам пиғылдарыңа жамағатты пайдалану үшін дінді жамылғы еткілерің келеді. Сондағы таққан бар кіналарың имамдар халыққа "Патшаға қарсы шығуға болмайды, басшыларыңа бағыныңдар" деп уағыз айтты дейсіңдер. Құранда Алланың өзі солай деп әмір етіп тұрса имамдар "Билікке қарсы шығыңдар" деген пәтуаны аспаннан ала ма? Билік деген кім? Ол өзіңнің қазағың, біріңнің жерлесің , біріңнің руласың, досың! Өз қолыңды өзің кесіп тастап не тындырайын деп едің? Сендерге не Назарбаев та Тоқаев та, тіпті Қосанов та жақпайды екен? Сонда кімді сайламақсыңдар? Нағыз оппозиция болсаңдар соңғы 5 жылда араларыңнан ел танитың бір тұлға жасап шығармай айға бата қылып жүрдіңдер ме? Бос былшылды қою керек қой. Енді келіп бәріне имамдарды кіналы қылғыларың келеді. Мемлекеттен бір тиын жалақы алмаса да дінге адал қызмет етіп, садақаға күнелтіп, жанұясын Алланың берген рыздығымен асырап жүрген имамдарда не әкеңнің құны қалып еді? Егер ел ішіне бүлік салатын болса, онда имамның қандай қадір қасиеті қалады. Сендер халықты көтеріп ел ішіне ойран салғыларың келеді. Сонда сендердің мына зайырлы мемлекетті "тагут" деп, "кәпірстан" деп, қолдарына қару алып бейбіт күнде, ораза айында Ақтөбеде ойран салған салафит-террористерден қай жерлерің кем? Қазақстанда Ислам дінін ұстануға, мұсылмандық парыздарды өтеуге тыйым салынып жатқан жоқ. Және де ислам дінінде сендер сияқты радикалды оппозицияға мүлде жол жоқ. Сондықтан да имамдар шариғаттан аттап ештеме айта алмайды. Имамдар саясаткер емес. Олар дін қызметкерлері! Халықты сабырлыққа, толеранттылық пен татулықққа, бірлікке, адалдық пен шыншылдыққа шақыру имамдардың осы қоғамдағы негізгі миссиясы. Бұл жердегі шыншылдық пен әділеттілік билікпен бет жыртысып, мемлекетті төңкеріп тастау емес. Керісінше сауатты диалог құрып, өзара ымыра мен келісімге келу арқылы талаптарын орындату.


Ермек Құрманғалитегі

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 2584    Пікірлер: 0

жұма, 24.05.2019, 11:00

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31