Тіл - тас жарады...

Елдің дамуын тежеп отырған, індеттен де ауыр екі рухани кесел бар

  • Елдің дамуын тежеп отырған, індеттен де ауыр екі рухани кесел бар

    Елдің дамуын тежеп отырған, індеттен де ауыр екі рухани кесел бар

Елдің дамуын тежеп отырған, індеттен де ауыр екі рухани кесел бар. Індеттен құтылармыз, бұл кеселмен ұрпақтар буыны ғұмыр бойы арпалысады:

1) Мамандардың өз саласын, өз орнын таппауы. Адамдардың өз ісінің шебері болудан көрі, өзіне де, өзгеге де түк пайда әкелмейтін салада ұзақ жүріп қалуы, кейде көшбасшы мен маманның орны ауысып кетуі.

Шешуі: Мекемелер мен компаниялардың менеджмент мәселесіне қатысты көзқарасын түбегейлі өзгертуі  немесе  балаға өз еркімен бір кәсіп бағдарын таңдатып, ерік-жігерін шыңдап, өмір бойы сол салада тәжірибе жинап маманданудың маңызы зор екенін түсіндіру. "Үкімет мені асырауы тиіс" деген масыл ойдан мүлдем аулақ, ерте жастан күнделікті өмір сүруіне жететін табыс түсіретін, өзін оқытып-жетілдіруге құштар ұрпақ тәрбиелеу.

 

2) Білімді де білікті, қолынан іс келетін мамандарға іштарлық таныту, тобықтан қағу, оның өсіп, дамып отыруына мүмкіндік бермеу. Осыдан бақай есеп күншілдік, мансапқұмарлық, командалық, руаралық, кланаралық тартыстар, мүдделер қақтығысы туындайды.

Шешуі: Біздің қоғамға қарап отырып, әзірге оның шешуі жоқ екенін түсінуге болады. Сондықтан өсем деген маман өзін күреске, адал жолмен табысқа жетуге шынықтырып отыруы тиіс. Бұл - маңдай терді толассыз төгіп отыруды талап ететін ұзақ жол. Сондықтан жас күнінен әділдік принципі ортақ, өзара идеялас, адал серіктер жинау керек. Сол арқылы жеке жобаларды оңай жүзеге асыруға болады. Қазақ жастары арасында бұл үдеріс енді-енді жақсы дамып келеді. Оған ақпарат заманы, ашық саясат, технологияның жедел дамуы жақсы әсер етуде. Мықты маман - бай инвестиция көзі. Әділ бәсеке барлық саланы дамытады. Мемлекет те, жеке компаниялар да осыны ұғынбай, тұралай беретіні анық. Бірақ шынайы өркениет өзегі болған қоғамда маманды бағалау мәселесі өзінен-өзі шешіледі. Капиталистік даму жолына түскесін, алдымен, маманның қаржылық жағдайын, әлеуметтік мәселесін шешпей, еш салада алға жылжу болмайды.

Нұртай Текебаев
Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 2810    Пікірлер: 0

жұма, 17.04.2020, 12:44

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31