Еліміздегі ұлттық қауіпсіздіктің әлсіздігін, идеология саласының осалдығын көрсетті

10 қаңтар 2022, 11:56

Осыдан бес-алты күн бұрын тәуелсіздік кезеңінде еліміздің тарихында болмаған аса қайғылы жағдайға тап болдық. Үкіметке өз наразылықтарын білдірмек болған халықтың бейбіт шеруін бізді тәуелсіздіктен айырғысы келген әлдебір арам пиғылды топ пайдаланып кетті. Қанша отбасылар азаматтарынан айырылды, қанша ғимарат өртелді, қанша дүкендер тоналды. Бұл еліміздегі ұлттық қауіпсіздіктің әлсіздігін, идеология саласының осалдығын көрсетті. Халықтың әлеуметтік әл-ауқатын көтеретін уақыт жеткенін айғақтады. Осындай қиын сәтте Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев дұрыс шешімдер қабылдай білді. Ол шешімдер нәтижесін беріп жатқанын көріп отырмыз. 10 қаңтарды Ұлттық аза тұту күні деп жариялады. Бейбіт заманда азаматтарымыздың қаны төгілген күнді аза тұтуымыз орынды деп есептеймін. Енді еліміз өрттен кейін өртеңге шыққан шөп сияқты көгеріп-көктейді деп үміттенемін. Бұдан былай елімізде мұндай қайғы-қасірет болмасын! Тәуелсіздігіміз мәңгілік болсын!

Серікзат Дүйсенғазы

Фейсбуктегі парақшасынан