Тіл - тас жарады...

Ең дұрысы бізге тиіскеннің мұрны қанайтынын көрсету...

  • Ең дұрысы бізге тиіскеннің мұрны қанайтынын көрсету...

    Ең дұрысы бізге тиіскеннің мұрны қанайтынын көрсету...

ПУТИНГЕ СЕБЕП, БІЗГЕ УАҚЫТ КЕРЕК!

Мәссаған. Бұл сөздерді Украинаға қарата айтып отырған сияқты. Қырымды тартып алуын дұрыс және тарихи әділеттілік етіп көрсеткісі келеді. Алайда бұл біз сияқты елдерге сабақ болатын дүние.
Жалпы Путин Қазақ тарихын мойындаған емес. Онысын талай мәрте айтып та қалды. "Қазақта мемлекет деген болмаған" деуінің өзі неге тұрады. Осы сөзінен-ақ оның біздің тарихи территориямызды мойындамайтынын аңғару қиын емес. Демек біз үшін Қырым сценарийі қашанда ашық тақырып болып қалады.
Президентіміздің қазіргі қадамы дұрыс. Қолдаймын. Әр қадамды барынша байыппен, мысықтабандылықпен басуы тиіс. Солай етіп келе жатыр. Қатты басса сынып кетеді. Путинге де керегі сол. Ол ұрынарға қара іздейді. Себебі бұрынғыдай: "орыс әлемін қорғау", "орыс тіліне қысым жасаушыларды жазалау" деген ұран.

Біз "латын әліпбиіне көшеміз" дегенде Ресей шулап кетті. Орыстарға қысым жасалады деді. Бірақ 2025 жылға дейін созу арқылы тағы да уақыт ұтуға амал жасадық. "Орыстар көшпейді, тазақ тілінің реформасы" дедік. Бәрін бірден көшірсек, "орыс әлеміне қауіп" деп, бас салуға дайын еді. Амалын таптық.
Енді міне, әйтіп-бүйтіп ЕАЭС туралы құжаттарды "піспеген", "әлі талқылау керек" деп уақыт созып жатырмыз. Халық "ой бірден бас тарт", "өзіміз білеміз" деп қызуқандылықпен айта береді ғой. Алайда саясат баланың құмдағы ойыны емес. Сәл жаңылысу, қанды қырғын мен қақтығыс туындатуы мүмкін. Сондықтан әр қадамда президенттің сақ болуы заңдылық.
1-шілде Ресейде Конституцияны өзгерту бойынша дауыс беру өтеді. Халықтың 70% Путин саясатын қолдамайтыны сауалнамалар арқылы белгілі болды. Әрине, тәуелсіз зерттеушілердің пікірінше. Биліктік зерттеуде Путинді 99,99% қолдап тұр ғой. Бұл дауыс берудің нәтижесі белгілі. Халық не айтса да, билік қалаған нәтиже дайын. Енді Путин өз құлаған рейтингін көтеруі тиіс. Халыққа берер не ақша, не ресурсы жоқ. Оның тек рухын көтеріп қоюға шамасы жетеді. Қырымды басып алғанда Путин рейтингісі ең жоғары көрсеткішке жетті. Бірақ қазір оның дәмі кетті. Жаңа жемтік керек. Халыққа идеологиялық азық лақтыруға міндетті. Түсініп отырсыздар ғой. Белоруссия болуы мүмкін. Өйткені оларда да сайлау, ресейлік күштер арандатып жатыр. Бірақ Қазақ Елі де бар жағдайға дайын болуы міндетті. Президент оны түсініп отыр. 2014-тен бастап біздің әскер гибридтік соғысқа барынша дайындалды деп ойлаймын. Алла сақтасын әрине, бірақ сақтықта қорлық жоқ.
Бізге қуатты болу үшін уақыт керек. Қазақ көбеюі шарт. Ал демография тек бейбітшілікте алға басады.
Мемлекет солтүстікті ғарыш жылдамдығымен қазақыландырудың амалын табу керек. Солай істеуге мәжбүр. Қандастарды о баста сол жаққа қоныстандыру қажет еді. Қателік жібердік. Бірақ қазір оны айтып отырар уақыт жоқ. Көшем деген қазаққа шаруашылығына мал, басына үй, қолына қос күрек болар жұмыс беру шарт. Ел қазынасы үшін біраз қаржы, бірақ мемлекеттік мүдде үшін маңызды. Солтүстік және шығысқа қажет шаралар.
Біз қаншалықты бейбітшілікті ұзақ сақтасақ, соншалықты болашақтағы қақтығыстарда жеңімпаз атану мүмкіндігіміз артады. Ең дұрысы бізге тиіскеннің мұрны қанайтынын көрсету, ол үшін қуатты әскер, мықты идеология мен экономика қажет.


Асхат Қасенғали
Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 1250    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 22.06.2020, 11:08

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30