Ұлттық санаға сына қаққысы келетін білгіштер әңгімені Абайдан бастауды әдетке айналдырып алды.
Әттеген-ай(
“Жә, сөзі не, өзі не” (кім емес) деп қоя салуға да болар еді. Әйткенмен, мұны біріншіден толыспаған жас оқиды. Екіншіден, кей “кәрі” де осы пікірге ұмсынып, көңіліне ұнағанын білдіріпті желіде.
Шындап келгенде,
Абай - ұлтқа керек.
Абай - ұлттық санаға керек.
Абай - ұлт мәдениеті үшін керек.
Абай - ұлттық тәрбие үшін керек.
Абай - қазақ сөзінің киесі үшін керек.
Абай - мектептегі балаға керек.
Абай - ертеңіміз үшін керек.
Абай - қазақтың тілі үшін керек.
Абай - кімің бар? деген дұшпанға жауап үшін керек!
Абай - Абай-аруаққа керек пе?
Абай жеке ғалымға керек пе?
Абай өзгеге керек пе?
Жоға!!!
Абай - қазаққа ғана керек!
Ұлт болу үшін Абай керек!
Сондықтан кеше Алаш Қайраткерлері Абайды жазды, білді, таныды, бағалады!
Тіпті, мәселені қолжазбаға әкеп тіреу де ақыл емес. Берісі - қазақ, арысы түркі мәдениетіндегі жазба ескерткіштеріміздің бәрі көшірмемен тұр ғой.
Мүрсейіт қолжазбасы басу болмаса, қазақтың қай сөзі жазумен жетіп еді?
Енді тәуелсіз ЕЛ болдық па дегенде, “іштен шіріту” идеясы бар-ау, сірә.
Мұндайдың да емі - Абай!
Қазақ баласы! Абайды оқы! Оқи бер! Оқи бер!
Анар Бек
Фейсбуктегі парақшасынан