Тіл - тас жарады...

Еркі жоқ ерке депутаттар аз болсын, еркек депутаттар бар болсын...

  • Еркі жоқ ерке депутаттар аз болсын, еркек депутаттар бар болсын...

    Еркі жоқ ерке депутаттар аз болсын, еркек депутаттар бар болсын...

Біздің кезімізде (80-жылдары) бірінші курстың студенттерін «әбитура» деп атайтын. Қазіргілер «балмұздақ» деген сүйкімдірек атауға ие болғанға ұқсайды. Жалпы, атауында тұрған ештеңе жоқ, жоғарырақ курстың жігіттері бұрын (қазір де солай шығар) осы әбитураның қыздарын айналдыруды өздеріне парыз санайтын еді. Немен айналдыратынын да, не үшін айналдыратынын да айтпай-ақ қояйын, иә ...
Мәжіліске жаңадан келіп жатқан депутаттардың көбі, көп ұзамай, жынысының қандайлығына қарамастан, жаңағы «әбитура»-ның кебін кешеді. Оларды да түрлі саяси-қаржылық күштер, үш жұртынан қосылатындар, үш жүз рет қайнағанда сорпасы әрең қосылатындар айналдыра бастайды. Немен айналдыратынын да, не үшін айналдыратынын да айтпай-ақ қояйын, иә ...
А, иә, ешкім айналдыруға ұмтылмайтын депуттаттардың екі түрі болады:
- «Жігіті» (өзін депутат қылған көкесі бар, соның айтуынсыз тырп ете
алмайтын) бар депуттаттар. Бұлардың қарасы аз емес. Дегенмен, жігіті бар кей қыздардың (тіпті күйеуі бар келіншектердің) кейде жымыңдап қоятыны сықылды, бұндай «басы бос емес» депутаттарда да жеңіл-желпі флирт болып тұрады;
- Жігіт депуттар. Еш кавычкасыз, еркек депуттар. Аты айтып тұрғандай,  еркекке есі дұрыс кісі жоламайтыны түсінікті ғой. Депутатқа арын сақтау - әскери медбикеге пәктігін сақтаудан да қиынға түсетіндіктен, бұндай депуттар өте аз болады.
Қорыта айтқанда, еркі жоқ ерке депутаттар аз болсын, еркек депутаттар бар болсын («көп болсын» деп жаза алмадым), құрметті замандастар!

Нұрлан Сәдір

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 2982    Пікірлер: 0

сейсенбі, 19.01.2021, 12:03

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    9 Сәуір, 17:01
    ҚАЗАҚ ҚОҒАМЫ – ХАОС
    23 Ақпан, 09:09
    Біз кімбіз, сонда?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31