Тіл - тас жарады...

Ертең 80-90-дағы қарияларға Понти ата, Баука ата деп ат таңып алмасақ болғаны...

  • Ертең 80-90-дағы қарияларға Понти ата, Баука ата деп ат таңып алмасақ болғаны...

    Ертең 80-90-дағы қарияларға Понти ата, Баука ата деп ат таңып алмасақ болғаны...

ХVІІ-ХVІІІ ғасырдағы халық әнші-композиторлары ел жадында Жаяу Мұса, Балуан Шолақ, Ақан Сері, Біржан Сал, Үкілі Ыбырай сияқты халық еркелеткен әдемі есімдерімен есте қалып еді, қазіргі «шоу-бизнесті» жағалап жүрген әншілердің аты-жөндері біртүрлі қызық: Беркут, Кентал, Бату, Понти, Лана, Лидо, Райм, Бибо, Айқын, Әміре, Шаһизада, Ғазизхан, Дана, Томирис... Әкесінің, атасының кім екені белгісіз. Азан шақырып қойған есімдерінен безіп, аспаннан салбырап түсе салғандай лақап аттарымен мәз-мейрам болып жүр. Аша Матайдың – Ақбота Асқарова, Кенталдың – Талғат Кенжеболатов, Лананың – Қорлан Күнсеркина, Лидоның – Лидия Досалина, Бибоның – Бейбіт Құсайынов екенін екінің бірі біле бермесе керек-ті...

Бұрынғы әншілердің әуен-саздары бірде асқақ, бірде ойлы, бірде ойнақы, бірде сырлы естіліп, терең толғау, толғақты пәлсафа, адамның жан күйінің шуағы, сәулесі, қуаты, шері мен шаттығы қат-қабат өріліп жататындықтан, халық олардың мінез-құлқына, жүріс-тұрысына қарай еркелете бүркеншік есімдер таңған болатын. Онысы құлаққа жағымды, жұмсақ, талантына сай талғамды естілетін. Қазіргі әншілер бүркеншік есімдерін өздері қалап алғандықтан ба, әйтеуір құлаққа ерсі, түрпідей тиеді. Еш мағына жоқ, әйтеуір, ерекше болу, айрықша көріну сипатын ғана көздейтіндей. Бұларға еліктеген мектеп-балабақша балалары да кішкентай сахналарына шығарда Баука, Гал, Жан, Ерёма, Сико, Тимка деген сияқты «есімдерімен» хабарлатып, маңғаздана шығатынды үйреніп алыпты.
«Сынықтан басқаның бәрі жұғады» деуші еді, ертең 80-90-дағы қарияларға Понти ата, Баука ата деп ат таңып алмасақ болғаны...

.facebook.com парақшасынан 




Көрілген: 746    Пікірлер: 0

жұма, 03.01.2020, 12:27

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31