Тіл - тас жарады...

Ес-ақылымыз қалмай дарақыландық, енді соның зардабын міндетті түрде тартамыз

  • Ес-ақылымыз қалмай дарақыландық, енді соның зардабын міндетті түрде тартамыз

    Ес-ақылымыз қалмай дарақыландық, енді соның зардабын міндетті түрде тартамыз

Бұл қазақтың басына келе жатқан нәубеттің басы ғана, нағыз алапат әлі алдыда. Орысша айтқанда «Это еще цветочки, ягодки будут впереди»!

Өмір деген әділетті ғой, бәрінің есесін береді. 30 жыл бойы ес ақылымыз қалмай дарақыланып тұрып ойнадық, биледік, күлдік, енді соның зардабын міндетті түрде татамыз.

Мемлекет басқарған адамдарымыз да, халық та ертеңімізді ойламадық, осы байлық бітпестей, қиын заман тумастай бейбарақат өмір сүрдік. Енді келіп жеткен кризис артымызда ашып берді. Мемлекетіміз де, халық та заман талабына мүлде дайын емес екенімізді көрсетіп берді. "Абай" атамыз сынап кеткен қазақ, әлі сол қазақ.

"Жұртым-ай, шалқақтамай сөзге түсін,
Ойланшы, сыртын қойып, сөздің ішін.
Ыржаңдамай тыңдасаң нең кетеді,
Шығарған сөз емес қой әңгіме үшін.

Адасып алаңдама, жол таба алмай,
Берірек түзу жолға шық, қамалмай.
Не ғылым жоқ, немесе еңбек те жоқ,
Ең болмаса кеттің ғой мал баға алмай".

Енді той тойлап, спорт жарыстарын өткізбек тұрғай нан тауып жеуіміз мұң болатын заман келді. Осы тығырықтан шыққан соң баяғы дарақылықты қойып, бүкіл халық болып білім мен еңбек жолына түспесек дәл қазір өмір сүріп жатқан бізге болашақ ұрпақ лағнат айтатын болады ма деп қорқам.

Кейінгі 5-6 жыл бойы «Біз шырылдауық шегірткелер мен төбелескіштер» еліне айналып барамыз, тоқтату керек осыны» дегенде маған айтылған боқтықта есеп болмап еді. «Көре алмайсың, споршыларды нең бар, әншілерде қақың болмасын, олар бізді әлемге танытып жатыр» деумен болды.

Енді не болдық?

Бірақ әлі кеш емес. Енді бүкіл тойханалар мен концертханаларды, спорт кешендерін жауып таза ғылым мен білімге, ауыл шаруашылығы мен өндіріске бет бұру керек.

Әнші мен боксер, футболшысыз да таң атады. Олар халықты асырамайды! Бәрі елдің ертеңін ойлауы керек, қазірдің өзінде тамағымызды тауып жеу мен киіміміз бүтін болуы үлкен сұраққа айналып барады.

Ахметбек Нұрсила
Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 3169    Пікірлер: 0

бейсенбі, 02.04.2020, 11:33

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31