Тіл - тас жарады...

Гигантизм - отандық экономиканың ауруы

  • Азаматхан Әміртай

    Азаматхан Әміртай

Қазақта "қой көрмеген қойды қуалап өлтіреді" деген сөз бар. Біздің экономикаға, әсіресе, индустрия саласына маған осының кері кеп тұрғандай көрінеді. ФИИР-дың бірінші кезеңін игеріп біттік. Бұл мақсатқа триллион теңгелер бөлінді. Елбасыға берілген есепке қарасақ қазақстандық тауарлар әлемге тарап, қарық боп жатыр екенбіз. Онда неге соңғы 3 жылда еліміздің өндіріс саласы 1% төмендеді. Жаңағы триллиондар оны өсіру керек еді ғой. Жоқ, өспеді. Кәсіпкер ретінде айтарым, біздің атшабарлар әлемді таң қалдырамыз деп сұмдық ақшаларға алып компаниялар құрамыз деп ірі зауыттар, комбинаттар сала бастады. Бірақ олар ертең оның шығаратын тауарын қайда сатамыз деген сауалға жауап іздемеді. Бастысы - бюджет ақшасын игеру қажет. Мәселен, естіп жатырмыз, кейбір жобаларға 100 млн доллардай салынған, ал оның жылдық табысы 2 млн долларға жетер-жетпес. Сонда ана ақшаны қайтару үшін 50 жыл кете ме?.. Бұған инфляцияны қосқанда 70 жыл қажет бола ма?

2008 жылғы дағдарыстан Германия мен Қытай үлкен шығынсыз шықты. Неге? Себебі олардың экономикасында шағын және орта бизнес 50-60% құрайды. Оның не артықшылығы бар? Шағын және орта бизнес нарықтағы кез-келген өзгеріске ілесе кетеді, ары барса 1-2 ай ішінде. Ал қазір бізде салынып жатқан ірі комбинаттар өндірісін өзге салаға бұру үшін ұзақ мерзім жұмсайды. Сонда Сіз бен біздің салығымызды оңды-солды шашатын соншалықты бай да емепсіз ғой. Алдымен шағын және орта бизнесті дамытып, олар халыққа жұмыс орнын ашып, оның тауарларын Қазақстан, Ресей, Орта Азияға сатып болғасын, сол бизнесті ақырындап, несие, субсидия беріп, ірілендірсе болмас па еді? Кезіндегі "Аққу" деген планшет шығарып, Самсунг, Apple-мен бәсекеге түсеміз деген идея кімнің басына келді десеңізші? Мейлі, бір қулар оны ұсынды, ал қай "ақылды" адам оған бюджеттен қаражат бөлдірді десеңші? Шынында, қой көрмеген қойды қуалап өлтіретіні рас екен...

Азаматхан Әміртай

Facebook-тегі парақшасынан


 




Көрілген: 4099    Пікірлер: 0

жұма, 07.11.2014, 11:33

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31