Тіл - тас жарады...

Халқына белсене қол созып жатқан біреуін көрмедік...

  • Халқына белсене қол созып жатқан біреуін көрмедік...

    Халқына белсене қол созып жатқан біреуін көрмедік...

Бұдан былай "халық қалаулысы" деген сөзді депутатқа қолданбау керек. Халқына белсене қол созып жатқан біреуін көрмедік. Халық баудай түсіп жатқанда Парламент үйіне тығылып алып, ешкім түсінбейтін заңды аудастырумен әлек. Неге халықтың ортасында емес? "Халқым" деген жанашыр азамат ел басына күн туғанда алғы шепте жүрген. Есіме Тұрар Рысқұловтың окоп қазуға алынған қазақтардың шошқа етіне пісірген тамақты ішпей, аштықтан ауруға шалдыққанда қолына шошқа еті қосылған табақпен мұсылмандардың алдына шығып: "Бауырлар, исламда еті харам делінген шошқаны да Құдай жаратты. Ораза-намаз тоқтықта. Тап қазір қойдың етін таппайсың. Аштан өлсең, артыңда күтіп отырған бала-шағаңды, кәрі ата-анаңды кімге тастайсың. Құдай бәрін көріп тұр. Бұл күнә емес - аштан өлмеудің амалы " деп, өзі бастап ішеді. Аты әйгілі Рысқұлов ішкен соң, қалған мұсылман да ішіп, аштықтан аман қалған екен. Міне, халық қалаулысы сөзіне лайық тұлға! Ол кісінің де пендешілігі болғанын тарихшылар жазып жатыр ғой, бірақ, тап сол жерде қаншама мұсылманды аман алып қалды десеңші?! Біздің депутаттар млн. теңге жалақы алады. Әрқайсының өз жалақысынан жәрдемақы бөлуіне мүмкіндігі бар. Өкініштісі, арасында Атымтай-Жомарты жоқ.

Президент Тоқаев аянып жатқан жоқ. Қаншама жылдар қордаланған былықты бірден жою мүмкін емес. Керісінше - Президентті қолдап, "жергілікті саудагерлермен" (ақша сұрайтын дәрігер, дәріні атасының құнына сататын дәріхана қожайыны) күресудің жолын тапсақ ә, шіркін?


Сая Қасымбек
Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 2176    Пікірлер: 0

жұма, 10.07.2020, 10:39

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30