Тіл - тас жарады...

Халық жады дыбысқа жасалған қиянатты ұмытпайды...

  • Халық жады дыбысқа жасалған қиянатты ұмытпайды...

    Халық жады дыбысқа жасалған қиянатты ұмытпайды...

Фб беті "Байлатын" әліпбиін қолдаушыларға толып кетіпті. "Давай, осы күшті! Ең қолайлы! Керемет!". Кеше апостраф, диграфтан мына акутың әдемі екен деп едік, бүгін лық етіп басқаға ауа салдық. Жігіттердің көп еңбек еткені көрініп тұр, тек мен "әр дыбысқа дербес таңба болса" деген ұстанымдамын. Ң деген бір дыбысы жоғалған, кОмсОмОл, кОнференция деп сөйлейтін журналистикасы қалыптасқан қоғамда "Әлемді Алем, Кітапты кытап" деп оқи салатын ұрпақ келетініне шүбәланбаймын. "Ашық алаңға" осыған дейін қақпақыл көріп келген А. Байтұрсынұлы институтының мамандары неге қатыспағанын түсінбедім, оларда он бестен аса әліпби нұсқасы тұр еді. Бәрін електен өткізбей мынау жақсы деуге болмайды. Әлде хабар тек қазіргі мен Байлатынды салыстыруды мақсат етті ме? Онда соңғысы ұтқанына шүбә жоқ, бірақ, мәселе "Қазақ ұтылмаса?" дегенде ғой, жан-жақты түгел саралау керек. Төте жазудан латынға өткенде ә, секілді дыбыстарды қазақ ғалымдары текке енгізген жоқ қой. Бұл әліпбимен қазақ дыбысының азат болып қалғанына кәмүністер қатты алаңдады, содан өздерін "кОммунист" деп айтқызу үшін он жыл зерттеп, көп мақала жазып, ақыры кириллды көмейімізге тықты. Сонда ғалымдар Ұ деген бір дыбыстың дұрыс белгіленбегеніне тартысты, тек 1956-57 жылы төбесі түртілген у-дан құтылып, ұ-мыз оралды. Улы Сталин туралы шатпақ сол бір-ақ таңбаның қисықтығынан анекдотқа айналып, бізге жетті. Халық жады дыбысқа жасалған қиянатты ұмытпайтынына осы айғақ. Дыбыс деген ойыншық емес, абайлайық.


Serik Abikenuly

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 1046    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 04.11.2019, 09:32

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30