Тіл - тас жарады...

"Халық қарғысы" деген медаль шығарып, тарату керек біраз әкімқараға!

  • "Халық қарғысы" деген медаль шығарып, тарату керек біраз әкімқараға!

"Халық қарғысы" деген медаль шығарып, тарату керек Алматы облысындағы біраз әкімқараға! Аудандық, қалалық әкімдіктердегі к...і дәу көкелердің 4 мыңнан астам жер телімін заңсыз үлестіргені анықталды. Қазір осы мәселеге байланысты тиісті органдарға қуыным әзірленіп жатыр. Масқара, иә!
Ал бізде керісінше, артына ит қосып қуатын жемқорлар ішкі де сыртқы саясаттағы інішектерінен "Халық алғысын" алып, бір-бірінің май басқан қолын қаттырақ қыса құттықтап, мәз болысып жүр. 10 сотық жердің кезегінде тұрған халықта есеп жоқ. Ұлы даланың ұлы квартиранты көбі.
Ауыл шаруашылығы жерлерінің мақсатын өзгертіп, оны телім-телімге бөліп саудалайтындарың әзірге қағанағы қарық, сағанағы сарық, /Сәбит Мұқанов ең алғаш осылай қолданған бұл тұрақты сөз тіркесін, қарқ, сарқ демеген/ к...і тырқ-тырқ. Кекірік атып жүре тұрыңдар, тышқақтайсыңдар әлі. Жегендерің желкелеріңнен шығады.
"Халық қарғысы" төсбелгісі мен куәлігін түрмелерге дейін жеткізіп беретін күн туса игі. Әй, бірақ бұларға сөзді қор қылу бекер. Тап қазір айтқаныңды ұғатын жағдайда емес олар. Шерхан ағам не деуші еді мұндайда? Сөз таппағанан емес, "іш қазандай қайнайды, күресуге дәрмен жоқтықтан" айтқан болар. Бір кем дүние...

Ардак Айбарулы

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 1137    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 14.10.2020, 10:26

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31