Тіл - тас жарады...

Халық осы сорақылықты көріп тұрған соң ашынады

  • Халық осы сорақылықты көріп тұрған соң ашынады

    Халық осы сорақылықты көріп тұрған соң ашынады

Қоғам даму үшін ең алдымен керегі – ақыл-ой, терең білім, озық технология, жетілген техника. Ал, бізде бұдан гөрі бастықтың санын көбейтуді, бюрократиялық аппараттарды ұлғайтуды, жұмыс істеуден гөрі оған бақылау жасайтындардың санын бірнеше есеге арттыруды көбірек ойлайтын секілдіміз. Шынын айтқанда, тікелей тиімді еңбек атқаратындардан гөрі оны бақылап, өкшесін сығалап отыратындардың жоғары еңбекақы алуы, онымен қоймай әлеуметтік артықшылықтарды иеленуі, ат төбеліндей топ ештеңе тындырмаса да биік мәртебелі саналуы – жұмсартып айтқанда, әділетсіздік. Халық осы сорақылықты көріп тұрған соң ашынады. Мысалы, бір аппаратта сіз бар өнеріңізді салып еңбек етесіз. Ал, сізден біліктілігі мен әлеуеті әлде қайда төмен 6 адам масыл болып мойныңызға мініп отырады да сізден гөрі мол жалақы алады және түк істемесе де сізді «басқарады». Бұл қорлық емес пе? Бұған ашынасыз ба, әлде, қалыпты жағдай деп қабылдап мойынсынасыз ба?

Осы тақылеттес көптеген әлеуметтік әділетсіздіктерді көріп келген жұрт кедейліктен емес, қоғамдағы теңсіздікке налып шеруге шығып отыр. Енді, келіп оларға «диалог құрайық, бізге сеніңдер, қоғамдық кеңеске мүше болып, ымыраласыңдар» дейсіңдер. Диалог құруға болады, егер олар қажетсіз ірі аппараттарды барынша ықшамдаса, масылдарды қызметтерінен қысқартса, оларға беріліп отырған артықшылықтардың бәрін алып тастап, тең құқықтарын сақтаса. Сондай-ақ, заң алдында барша жұрттың тең құқықтары болса, сотқа заңнан өзге ештеңе ықпал етпейтін болса.

Айналып келгенде, халық өкіметтен тамақ, киім-кешек сұрап отырған жоқ. Олардың басты талаптары – шын қылмыскерлердің ешбір жазадан құтылмаулары, ешбір кінәсі жоқтардың жазықсыз жапа шекпеулері және әркім қоғамда атқарған еңбегіне сай лайықты үлесін алуы, масылдардың ұрлықпен баюларына жол берілмеуі ғана. Қоғамдық әділеттік дегеннің өзі осыдан басталмақ.


Қуандық Шамахайұлы

Фейсбуктегі парақшасынан


 




Көрілген: 1773    Пікірлер: 0

бейсенбі, 20.06.2019, 12:42

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31