Тіл - тас жарады...

Халық пен биліктің арасындағы қиралаң жол не деген ұзақ еді!

  • Халық пен биліктің арасындағы қиралаң жол не деген ұзақ еді!

    Халық пен биліктің арасындағы қиралаң жол не деген ұзақ еді!

Бір шаруамен қала əкімшілігіне барып қайттым. Бір - жағымды, бір жағымсыз көріністің куəсі болдым. Қайсысынан бастайтын?

Жарайды, жақсылық жан семіртеді, жағымдысынан бастайын.

Ақмарал Төлегенқызы деген қатардағы бөлім қызметкеріне кірдім. Адамгершілігіне, бюрократия дертінен тазалығына, адаммен адамша сөйлесе білетін зиялы да биязы мінезіне тəнті болдым. Барған шаруамның шешімі дəл сол арада шешілгендей көңілім аспандап қайттым. Шіркін, осындай мемқызметкерлер көп болса ғой!

Енді көңіліме қаяу салған көріністі айтайын.

Қабылдауға күні бұрын жазылып қойғам, дəл уақтысында бардым. Ғимаратқа кірген беттегі əйнек қоршаудың ар жағында келушілерді тізімдеп үш адам отыр. Жеке куəлігімді көрсеттім. Сол арадан баратын бөлімге телефон шалып, келіп тұрмын деп айтуым керек екен. Телефон шалдым, айттым. Олар мына отырған тізімшілерге қайта телефон шалып, ана кісіні жібер деп айтуы керек екен. Айтам дегенше біраз күттім. Содан кейін кіруге рұқсат карточкасын берді. Тағы күтіңіз деді. Неге деп ем, жоғарғы қабаттан бір адам түсіп, сізді жетектеп алып кетеді (сопровождение) деді. Өзім де жол табам ғой деп ем, тəртіп солай деді. Мақұл деп, тағы күттім.

Есіме осыдан екі ай бұрын ғана өзім қабылдауында болған Франциядағы Ренн қаласының əкімдігі түсті. Есіктің алдында бір минут іркілген емеспіз. Рас, күні бұрын қабылдауға жазылдық. Келдік. Есіктің алдында бір қыздан басқа тірі жан болған жоқ. Қайда барасыз деді. Кімге баратынымызды айттық. Кіре беріңіз деді. Құжат та тексермеді. Сенім бар. Күмəн, күдік, үрей деген жоқ. Болды.

Ал бізде ше?

Өз ойыммен отырып əжептеуір уақыттың өткенін де байқамай қалыппын. Қосшы келді. Алдымыздағы кіре берісте қарулы күзет тұрды. Турникет арқылы өттік. Қалта телефонымды арнайы шкафта қалдырдым. Қосшы жетектегеннен жетектеп отырып, баратын бөлмеме əкеп кіргізіп жіберді. Қайтарда тағы да жетектеп отырып шығарып жіберді. Қызметіңіз жеңіл екен дедім, əлгі адамға əзілдеп. Жоға, бұл менің қызметім емес, мен сіз баратын бөлімнің қатардағы қызметкерімін. Əр келушіні кез-келген біреуміз осылай қарсы алып, шығарып саламыз деді? Не үшін бұлай етесіздер деп сұрадым. Білмеймін, бұл қаламыздың жаңа əкімі Сағынтаевтың енгізген жаңалығы деді.

Мына кісі келушілерге қосшылық жасап жүріп, талай шаруасы істелмей қалды-ау, деп ойладым ішімнен.

Халық пен биліктің арасындағы қиралаң жол не деген ұзақ еді!


Гүлмәрия Барманбекова

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 827    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 09.10.2019, 09:41

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31