Тіл - тас жарады...

Халық тағдырын саудагерге тапсырсақ, оларға ұлт жойылып кетсе де бәрібір сияқты

  • Халық тағдырын саудагерге тапсырсақ, оларға ұлт жойылып кетсе де бәрібір сияқты

    Халық тағдырын саудагерге тапсырсақ, оларға ұлт жойылып кетсе де бәрібір сияқты

КӨЗ ЖАСЫН ТӨГІП, "100 ТЕҢГЕ БОЛСЫН КӨМЕКТЕСІҢДЕРШІ!" ДЕП ЖЫЛАП ОТЫРҒАН КӨПБАЛАЛЫ ЖЕСІР ӘЙЕЛДІҢ ВИДЕОСЫН КӨРГЕННЕН СОҢҒЫ ОЙ

Бәрінен бұрын кедейленіп кеткен, не жұмысының, не табысының мазасы жоқ халыққа обал болатын түрі бар. Доллармен демей-ақ қояйыншы, теңгемен миллиардтаған қаржы бөлінді деген ақпарат жарияланды. Ал халық қарапайым ғана масканы төрт, тіпті он есе бағасына сатып алып әуре. Алыпсатар десе, баяғыда КСРО кезеңінде "спекулянт" деп жанымыз қалмайтын. Қазір солардың заманы оңынан туып тұр. Әсіресе, карантин болғалы бері қатты өршіді. Азық-түлік, көк өніс барынша қымбаттауда. БК-дан қайбір базарда тегін таратылатын масканы жауапты біреулердің қорған болып сатқызып жатқан видеосын көріп, жағамды ұстадым. Айналамыздағы бір аптекте құдай үшін маска жоқ бір аптадан бері. Базарға барсаң, он есе бағасына сатып жатыр. Халық тағдырын коррупционерлерге, саудагер-алыпсатарға тапсырсақ, оларға ұлт жойылып кетсе де бәрібір сияқты. Көкейде үрей тууда. Үкімет осы жағына баса назар салып, қатаң тәртіппен мәселені жедел шешпейінше, жағдай күрделеніп кете ме деп алаңдаймын.

 

Кайрат Дуйсен-Парман
Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 2157    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 30.03.2020, 11:16

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31