Тіл - тас жарады...

Халықпен қазақтілді министрлер ғана тіл табыса алады

  • Халықпен қазақтілді министрлер ғана тіл табыса алады

    Халықпен қазақтілді министрлер ғана тіл табыса алады

Байқағаным, соңғы кезде халық қатты өзгерді, үрей артты. Қазақтілділер сөзсіз көпшілікке айналды, жастар көбейді, ал оларға жұмыс пен баспана 2030, 2050 жылдары емес, дәл қазір керек болып тұр.


Жас, қазақтілді халқының көңілінен шығу үшін жаңа Үкіметте мәңгүрттер аздау болуы керек. Мүлдем болмаса, тіпті жақсы. Өйткені қарапайым халықпен қазақтілді министрлер ғана тіл табыса алады, басқалар халықтың ашуын келтіреді. Өз ойым.


Қай салалар халықты ең көп ызаландырды?


Меніңше, біріншіден, білім саласы - үш тұғырлы тіл, мектептегі далбаса реформа, балабақшалардың жоқтығы. Сондықтан жаңа Үкіметте Ерлан Сағадиев мырза қала берсе, түбі жақсылыққа апармайды.


Екіншіден, әлеуметтің ауыр хәлі халқымызға қатты тиіп тұр. Мадина Әбылқасымова ханымның 16 мың туралы сөзі халықты қатты ренжітті. Ол да орнынан міндетті түрде кетуі керек деп санаймын.


Ал енді халықтың арасында жүрген сауатты адамдар Үкіметке шақырылса, тіпті жақсы болар еді. Бірақ ол ертегі, арман ғой.


Бүгінгі кризиске Парламенттің, маслихаттардың да кінәсі бар деп есептеймін. Халықтан баяғыда қатты алыстанды. Енді 20-30 жыл отыр ғой депутат болып! Тіпті Колбин үшін дауыстарын бергендер бар арасында... Кейбір депутаттар әбден шаршады, депутат болып қартайды. Мәжілістің 30%-ы ресми зейнеткерлер, ал не дейсің, не сұрайсың олардан? Зейнеткер үйі болып кетті ғой Парламентіміз....


Елімізге көп реформа керек, әйтпесе одан да жаман кризиске батып кететін түріміз бар....


Мұхтар Тайжан


Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 1471    Пікірлер: 0

сенбі, 23.02.2019, 18:08

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30