Тіл - тас жарады...

Халықты барған сайын тұқыртқанның үстіне тұқыртып бара жатыр

  • Халықты барған сайын тұқыртқанның үстіне тұқыртып бара жатыр

    Халықты барған сайын тұқыртқанның үстіне тұқыртып бара жатыр

Нью-Йорке 17 күндей болып қайттым. Ол жақта бізден барғандар көп. Экономикамыз мен әлеуметтік саладағы саясат өте нашар ғой. Соның кесірінен мұхит асып кетіп, Америкада ақша тауып жүргендер баршылық екен. Бұл енді бөлек тақырып. Нью-Йоркте менің бір қатты таңғалғаным, қазақтардың Ватсап пен Телеграмда арнайы чаты бар. Әр чат әртүрлі салаға арналған. Сол жерден үй ме, мәшине ме, жұмыс па, өзіңе керегіңді оп-оңай тауып аласың. Постсәветтік елдерден барған басқа ұлттардың біреуінде ондай ауызбіршілік жоқ. Қазақтар ғана өз араларында керемет байланыс орнатып, бірін-бірі бауырға тартады. Қазақтармен көрші тұратындардың өзі де біздің жігіттермен бірге жүргісі келеді. Өйткені қазақтар өзін еңбексүйгіш, адал, мәдениетті, ақылды халық екенін ондағыларға дәлелдеп беріпті. Жұлдыздар да емес, басқасы да, ұлы адамдар да емес, халқымыздың имиджін қазір дәл осындай қарапайым адамдар жасап жатыр. Америкада әр ұлттың артынан ілесіп жүретін бір жаман имидж бар. Сараң, жалқау, ұрлыққа бейім адамдарға қарап, солар туралы сыртынан сондай жаман атақ қалыптасады. Бәрі бірге жүріп, ауызбіршілігі күшті болса ғана халқың туралы жақсы көзқарас қалыптастыра аласың. Өмір сондай. Сенің атыңды сұраған соң, іле-шала қай елден келгеніңді сұрайды. Европада да, АҚШта да солай. Қазақтар онда әр жерде жұмыс істейді. Ауыр жұмысы да, жеңіл жұмысы да бар ішінде. Өзге елде жүріп, ауыртпалық пен қиыншылықтың небір түрін көріп жатыр олар. Басқа ұлттармен сөйлесіп көргенде, бәрі қазақтарды мақтап тұрады, «Ойбай, олар жақсы халық, адал, еңбексүйгіш» деп.. Кейін сосын Нью Йоркта, Лос Анжелес пен Сан Францискода жүргенде де талай естідім ондай әңгімені. Ол жақтағы қазақтардың арасында біздегідей алаяқтар, ұрылар мен жемқорлар жоқ. Отанынан шалғайда жүргендердің бәрі бір-бірін бауыр санайды. Осындай ұйымшыл, іскер, еңбекқор адамдарды көргенде, біз мұнай мен алтынсыз-ақ күшті мемлекет құра алады екенбіз ғой деп ойладым. Америкаға ақылды, дарынды адамдар кетіп жатыр дейміз ғой. Олай емес екен. Күнде көріп жүрген, мектепте, охранада, әр жерде істейтін өзіміз секілді қарапайым жандар, туған-туыстарымыз бен достарымыз бәрі. Соңғы 100 жылда бізді жалқау, еріншек, қолынан түк келмейтін қараңғы халық деп, әбден басымызды айналдырып жіберіпті. Соңғы кездері эфирден түспей жүрген сауатсыз блогерлер мен «сақау» жұлдыздарымыз да осы тақырыпты ары қарай іліп әкетіп, халықты барған сайын тұқыртқанның үстіне тұқыртып бара жатыр.


Жолымбет Мәкіш

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 1366    Пікірлер: 0

жұма, 14.12.2018, 12:46

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31