Тіл - тас жарады...

Халықты теріс қаратып жүргізіп қойған əкімдерде ес жоқ...

  • Халықты теріс қаратып жүргізіп қойған əкімдерде ес жоқ...

    Халықты теріс қаратып жүргізіп қойған əкімдерде ес жоқ...

Былтыр аудандағы бір кісі "Мына байғұс гүлдер су ішпеген, қурап тұр. Жетісай ауданының қазіргі əкімі Жамантайдан алдыңғы əкімнің кезінде отырғызылған гүлдер ғой. Жамантай түк жұмыс істемейді. Əкімнің, айналасының дұрыс жұмыс істемейтіні дайын гүлдерді қуратып қойғанынан көрінеді" деп күйініп еді.
Жетісайдың əкімінің аяғы бүгін Қоғалыға жетіпті. Бəрі біткенде. Ауыл адамдары мен көрші ауылдың жігіттері су тасқынын бөгеп, бəрін бітіргенде, əрине! Жетісайдың бір бизнесмені Қоғалы ауылында 500 адамға арнап, құдайы тамақ беріпті. Сол жерде Жамантай сөйлеп тұр. Видеода біреу айтқандай, аудан əкімінің аяғы Қоғалыға бесінші күні тиіпті.
Біздің ауыл мен көрші ауылдың əкімдігі бір. Артқа қарай жүреміз. Ауылдан машинасы бар біреуді жалдамасаң, ана ауылға жаяу жету мүмкін емес. Ол ауылға барғаннан аудан орталығына барған жеңіл. Ауылымның адамдарының зарлап келе жатқанына қаншама жыл. Сол Жылы су ауыл округінің əкімін орнынан бірде-бір рет көрмедім. Бір күні звондасам хатшысы "əкім Қазығұртқа жиналысқа кетіп еді" дейді. "Жиналысқа ауыл əкімдері аудан орталығына не облыс орталығына баратын шығар. Қазығұртта ауыл əкіміне не бар?" деп едім хатшы қыз күмілжіп қалды.
Халықты теріс қаратып жүргізіп қойған əкімдерде ес жоқ. Сенбесеңіздер біздің ауылға барып көріңіздер. Бір құжат үшін көрші ауылға барады. Ол жаққа мүлдем көлік жүрмейді!!! Біздің ауыл - үлкен ауыл. Ауылымыздың əкімдігін жауып, ақша үнемдеген түрлері. Біздің Байқоныс ауылының өз əкімдігі болу керек.

Қоғалыға бесінші күн дегенде, онда да ауылдың, көрші ауылдың жігіттері жұмысты бітіргенде келген əкім кімге керек. Мұндай əкім орнын босату керек!

Ая Мантай
Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 3032    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 06.05.2020, 13:22

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31