Тіл - тас жарады...

Халықты "тобыр" дейтін жандарды тойға шақыру есі дұрыс адамның қылығы емес

  • Халықты

    Халықты "тобыр" дейтін жандарды тойға шақыру есі дұрыс адамның қылығы емес

ӘНШІЛЕРГЕ ҚАРСЫ "САТЬЯГРАХА"


Аңғал, ақкөңіл қазағым! Ертең карантин бітіп, той жасар сәтте әншілерді шақырмаңдаршы! Үндістан Махатманың сатьяграха идеясымен тәуелсіздік алғанын білеміз. Қысқаша айтқанда отарлаушы ағылшындардың тауарын алмады, мемлекеттік билікте берген марапаттарынан бас тартты. Тұтас қоғам, тұтас халық. Солайша ғасырға созылған бодандық қамыты түбі үзілді. Үндістан тәуелсіздік алды.
Қоғам ненің зиян, ненің пайдалы екенін көріп отыр. Тойыңа 5000-10000 долларға әншіні шақыртып, фонограммаға ауыз жыбырлатқанына ақша берсең, онда сен мына 7,5 млрд адамның ішіндегі ең ақымағысың. Жай ақымақ емес, супер ақымақсың! Айналайын, сол ақшаны үйленіп жатқан жас отбасыға берсең қандай үлкен демеу болады. Соны ойлашы. Ойланбастан мемлекеттік түрлі бағдарламамен үй алуына болады, бастапқы жарнасын құйып. Алаңсыз күн кешеді. Жастарға бастысы баспана ғой.

Әншілерді шақырып, шалқытып қояр дәуір өтті. Оларға Махатмаша принцип ұстан. Мазақтама, арына тиме, сөкпе, ұрма, соқпа. Бар болғаны тойға шақырма, лотереясын ойнама, конкурсына қатыспа. Болды. Бір айдың ішінде жонын күдірейтіп, өзін жолбарыс санап жүрген талай "талантсымақ" бірден сабасына түсіп қалады. Қарада тұр. Рас айтам.
Асыңды ішіп, ақшаңды алып, артынан сол тойға шақырған халықты "тобыр" дейтін, "жалқау" дейтін, лотереямен алдаған жандарды шақыру қаншалықты есі дұрыс адамның қылығы?! Намысы бар адам олай етпейді. Намысты бол. Өзіңді биік ұста. Әр адамның пайдасыз дүниеге өз сатьяграхасы болу керектігін ұмытпа.

Асхат Қасенғали
Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 3811    Пікірлер: 0

сенбі, 16.05.2020, 16:23

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31