Тіл - тас жарады...

Халықты тығылып отырып басқарамын деген әдісі үлкен қателік

  • Халықты тығылып отырып басқарамын деген әдісі үлкен қателік

    Халықты тығылып отырып басқарамын деген әдісі үлкен қателік

Соңғы кезде (соңғы екі үш жылда) мен мынаны байқап жүрмін: меніңше біз өзімізді қанша кіналасақ та, біздің қоғам оянып жатқан сияқты. Бұл үрдіс сонау жер митингілерінен бастау алып былтыр Сайрагүлмен жалғасты, одан Қарағанды, одан кешегі Астанадағы қайғылы оқиғада тіпті басқа қаладан адамдар арнайы келіп жиналып көмек қолын созып жатыр. Қазір халқымыз қайғыда, қуанышта, елдік сыналар кезде жинала қалатын тенденция пайда болды. Біздің қоғам баяғы қоғам емес. Әкімдер терлеп халық алдына шығатын қоғамға айналды. Бұндай құбылыс халқымыздың ынтымақтастығының артып үнсіз қоғамнан белсенді қоғамға көшіп жатқандығын көрсетеді.

Мен еуропалық тарихшылардың біз туралы еңбектерін көп қараймын. Сонда байқағаным: "бұл татарлар" (яғни көшпенді халық) , дейді олар, "өзара өте ұйымшыл, ынтымағы берік халық, бұлардың араларында келіспеушілік болуы мүмкін, алайда бұларға сырттан қауіп төніп, болмаса елдік мүддеге келгенде көшпенділер бірігіп кететін өте ынтымақшыл халық" деп еуропалықтар бабаларымыздың осы қасиетін бірауыздан мойындап осыны өздеріне үлгі тұтқан екен сол Карпини, Хербертштейндер...

Мен бұндай нәрсе кетпейді, бұл халыққа генетикалық түрде қанмен келіп оның бойында қалатын нәрсе деп ойлаймын. Біз соңғы жылдары осының куәсі болып келеміз. Халқымыз демографиялық көпшілікке айналғасын табиғи түрде өз қалыбына

қайта оралып толығысып, өз тағдырын өз қолына алуға тырысып жатқан тәрізді.

Енді соңғы кезде осы әкімдер көшеге қиналып шығып басып жүрген жиылыстарға қарап отырсам осы жиылған қауымға сөзшең шешендер жетіспейді екен. Бұл функцияларды әзірше сол жерлерде жиналған халық өкілдері орындап жүр. Алайда бұл да уақытша нәрсе, бұл орын да жақында толады, оған күманданбаңыздар. Менің ойымша, отауызды өжет шешендер түбі халыққа шығады, ол анық. Баяғыда бір ауыз сөзбен бір қауымды тік тұрғызатын небір марғасқа шешендер болған, олардан ауызын айға білеген хандар да қорыққан екен, солардың ізбасарлары тағы да генетикалық түрде 18 миллион халық арасынан табылмайды деп ойлау ақымақтық. Бұлар да шығады. Мәселе солардың қандай көзқараста болатындығында. Егер олар радикалдық көзқараста болып билікке саяси талаптар қоя бастаса, онда біздің биліктің жағдайы мүшкіл боп кетеді. Рас.

Менің ойымша қазіргі қазақ басқа боп барады, сәйкесінше оны басқару тәсілдері де өзгеру керек. Мысалы, қарапайым ғана бір мысал - ең алдымен халыққа шығатын әкімдердің сол халықтың тілінде сөйлеуі және оның бұл мәселеге қазақи тұрғыда келуі: қаза болса қатарға тұрып қол жайсын, дау болса аталы сөзін айтсын. Әйтпесе ана Исекешовтің Абу Даби Плазаға шыққандай "комедиясы" қайталанады. Ал бұндай менеджерлердің билікке не қажеті бар? Сондықтан біздің биліктің енді айналасына өңкей шалақазақты жинап алып халықты тығылып отырып басқарамын деген әдісі үлкен қателік болады. Қашанғы халқынан айналып қашып жүреді?

Ал қазақ енді баяғы қазақ емес, ол факт. Меніңше бізге осы ұлттық қауызында табиғи түрде өсіп - өніп келе жатқан жаңа азаматтық қоғамымызды қолдап, оның өркендеуіне іштей тілеулес болып, я қолдан келсе ат салысуымыз керек сияқты және мынаны білген абзал - бұл қоғам қалыптасу үстіндегі жаңа қоғам, бұдан үлкен істер күтіп, оған талаптар қоюға, оған кінарат артуға әлі ертерек сияқты.


Олжас Әбіл

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 1052    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 06.02.2019, 10:19

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30