Тіл - тас жарады...

Халықтың алдында мұғалімдердің беделін түсіру үшін жұмыс жасаудың қажеті жоқ

  • Халықтың алдында мұғалімдердің беделін түсіру үшін жұмыс жасаудың қажеті жоқ

    Халықтың алдында мұғалімдердің беделін түсіру үшін жұмыс жасаудың қажеті жоқ

Тестің бастығы Дидар Смағұлов мырзаның жазбасы шыққалы пікірін білдіріп жатқандар көп. Мен де өз пікірімді білдіре кетейін.
Askhat Aimagambetov мырза!
Тестің басында сіз отырсыз. Сондықтан тыңдаңыз, мен айтайын.
Өткен жолы осында жазба жариядадым.
Жазбада:
"Ағылшындардың ғалымдары не деген бақытты!
Қазақстанның әр мұғалімі аттарын жаттап жүреді.
Педагогиканың шекті балы көтеріледі , әріптестер! Ағылшындар бойтұмарымызға айналды ғой. Жаттаңыздар! Ағылшын ғалымдарын жаттамасаңыздар күніміз жоқ." -делінген.
1. Педагогика сұрақтары біз, мұғалімдер университетте оқымаған ағылшын ғалымдарының аты мен еңбектерімен толтырылған. Деңгейлік курстарда барлық мұғалімдер оқымағандығын ескере кетсек, ағылшын ғалымдары туралы мұғалімдер тесте ғана кездестіретінін түсінеміз. Сол сияқты әр пәннің сұрақтарында да кемшіліктер бар.
2. Қазақ әдебиеті пәнін алатын болсақ, жазушылар мен ақындардың кеудесіндегі жұлдызын санап, қай сыйлықты қай жылы алғанын айтуымыз қажет.
Бір ақынымыз әлемнің 50 елінен сыйлық алды. Оның бәрін жаттап алу адам баласына мүмкін бе? Сіз жаттай аласыз ба? Жазушының атақ-даңқының кімге қажеті бар? Балаға ма ,мұғалімге ме?
Жазушылардың шығармасынан үзінді беріледі. Үзінді қай шығармадан, кімнің шығармасынан алынғаны сұралады. "Абай жолы" романын қараңыз. 4 кітап. Сол төрт кітаптан үзінді алайық.
Әр сөзін, әр сөйлемін жаттап ала аласыздар ма?
Барлық жазушылардың романдарын жаттап алу мүмкін бе?
Оның мазмұнын біліп, талдай аламыз. Бірақ жаттауға шамамыз келе ме?
Мұғалім жазушытанушы ғалым емес. Кешіріңіздер. Мені осы үшін "сауатсыз" десеңіздер дей беріңіздер. Мен робот немесе компьютер емеспін.
Сіздер кейінгі кезеңдерде мұғалімдерді ғалымдармен шатастырып жүрген сияқтысыздар.
Тест сұрақтарын қайта қарау керек.
Көңілге қонатындай сұрақтар дайындау керек.
Дидардың жазбасына оралайық.
Мұғалім ережені бұзыпты. Дұрыс емес! Бірақ сіздер фейзбукке жазып, елдің алдында мұғалімнің беделін түсіргенше, заңды, сауатты түрде күресулеріңіз керек еді. Сол мұғалімнің өзін жазалап, заң орындарына беріңіздер.
"Сендік ,сенген соң тексермедік,"-депсіздер. Сенген адам қақ маңдайына камера қоймайды. Сондықтан "сендік" деген сөзді айтпаңыздар. Тексеріп кіргізулеріңіз керек еді. Тексермедіңіздер ме, бүкіл мұғалімді ол үшін кіналаудың керегі жоқ. Тесті дұрыс ұйымдастыра алмаған сіздердің кінәларыңыз.
Тағы да қайталаймын. Лауазымды тұлғаға сай іс -әрекет жасап, заңды, сауатты түрде күресіңіздер бұл іспен. Халықтың алдында мұғалімдердің беделін түсіру үшін жұмыс жасаудың қажеті жоқ.
Келесі мәселе қашықтан оқытатын оқу орындары.
Құжаттарын электронды почтадан жіберіптіп, ақшасын каспи голдтан төлетіп 45 жасқа толған талай техничкадан мұғалім жасап алдыңыздар. Кім кінәлі?
Енді тестеріңізге өздеріңіз ие болыңыздар. Мұғалімдерге күйе жаға берудің керегі жоқ.
Ереже бұзған мұғалімді сотқа беріңіздер. Заңды, сауатты іс жасасаңыздар біз сіздерді қолдайтын боламыз.
Сайлауда да "оңбаған мұғалім","сатқын мұғалім", "сорлы мұғалім" болдық. Бірақ сайлауды өткізуге білім мекемелерінің басшылары , сіздердің қосшыларыңыз мүдделі болды. Сол мұғалімдерге қандай шара қолдандыңыздар? Видеолары жарияланған қай мұғалімді жазаладыңыздар?
Біз шаршадық. Шыдамның да шегі бар. Мұғалімдерге тіл тигізе бермеңіздер. Өздеріңіздің қателіктеріңізді мұғалімдерден көрмеңіздер!
Табынушы құлдары! Маған ауыздарыңызға келгенді айтуларыңызға рұқсат!

Aiman Sagidulla

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 3434    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 01.03.2021, 09:36

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    9 Сәуір, 17:01
    ҚАЗАҚ ҚОҒАМЫ – ХАОС
    23 Ақпан, 09:09
    Біз кімбіз, сонда?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31