Тіл - тас жарады...

Халықтың надан болуы, билікке не үшін тиімді?

  • Халықтың надан болуы, билікке не үшін тиімді?

    Халықтың надан болуы, билікке не үшін тиімді?

Ықылым заманан бері кез келген мемлекетте, билеушілер билік басына келіп алғаннан кейін, билікті уысынан шығарғысы келмеген.

Ол үшін халықтың неғұрлым білімі аз, надан болуы билікке тиімді. Халықтың көбінің экономикалық, саяси сауаттылығы жоғары болатын болса, ондай халықты ұзақ билеп-төстеп отыру қиынға соғады. Сондықтан билік басына жетіп алған аз топ, халықты зомбылаудың, программалаудың небір тәсілдерін өте жетік меңгеріп алған. Сол зомбылаудың бірі Элитизм деп аталады.

Патша Алланың жердегі көлеңкесі, оған қарап сөз айтуға болмайды. Халық тобыр, көпшілік берекеде болып, дұрыс шешім қабылдап, ел бола алмайды. Халықтың атынан шешімді аздаған білімді, парасатты адамдар қабылдау керек. Ал, халық солардың айтқанымен жүріп, айдағанына көну керек деген түсінікке өздері де сеніп алады, сыналап халықтың да санасына кіргізеді.


Шын мәнінде жердің де, елдің де иесі халық екенін ұмыттыруға тырысады. Билік басындағы шенеуніктер халықтың қызметшісі емес, иесі ретінде қабылдауды қалыптастырады. Шынтуайтына келетін болса шенеуніктердің ештеме өндірмейтіні, оларды жалақы алып, халықтың үстінен күн көріп отырғанын барша халық біледі. Олай болғанда олар өздеріне ақша төлеп асырап отырған халыққа дұрыс қызмет (служить) етуі керек. Олар халықтың қызметшісі (слуга народа). Ал иесі қызметшісі (слуга) өз жұмысын жақсы атқармаса, Мысалы сіз бақшаңызды күтіп, қарауға бағабан жалдап алдыңыз делік. Ол жұмысын атқармаса не істейсіз? Қуып жібересіз де, басқасын жалдайсыз. Мемлекеттік қызметкерлер Президенттен бастап, әкім, министр, прокурор, сот дәл сондай қызметкерлер.

Халық осыны ұғынып, түсінбеуі үшін оны надан қылып ұстау билікке тиімді. Сол үшін бүкіл әдемде және біздің елде де: білім жүйесі осындай, күндіз, түнгі шоулар, әзіл-қалжыңдармен халықты топастандырып ұстап отыр!

Ахметбек Нұрсила
Фейсбуктегі парақшасынан

 

 

 




Көрілген: 1602    Пікірлер: 0

бейсенбі, 30.01.2020, 08:59

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30