Тіл - тас жарады...

Халықтың сұранысын сағызша созып, алақанды майлауды да меңгеріп алдым!

  • Халықтың сұранысын сағызша созып, алақанды майлауды да меңгеріп алдым!

    Халықтың сұранысын сағызша созып, алақанды майлауды да меңгеріп алдым!

  • Халықтың сұранысын сағызша созып, алақанды майлауды да меңгеріп алдым!

    Халықтың сұранысын сағызша созып, алақанды майлауды да меңгеріп алдым!

МЕНІ БҮГІН ШЫҒАРДЫ...
(2020-да жазылған екен, чочымай оқыңыздар)


Ақыры шығарды мені. А-а? Түрмеден?! Е, жоға! ... Аузың абыройлы әңгімеден алыстап кеткен екен! Түрмесі несі?!.. Жындыханадан шығарды!
Немене? “Жазылып шықтың ба?”... Әй, сауатсызым-ай, не дейін саған, жындыханадан жазылып, ем қонып шықпайды адам! Ол жерден өздеріндей болғандарды ғана шығарады! Сөзімнің тысына қарап
тыржимай, астарынан жиіркенбей, ашып қара. Бірдеме ұқсаң дымың ішіңде болсын, өзің ұқ та өзгеге ұқтыруға тырыспа. Өзге ұға қоймайды, ұға қойғаны “ұқтым” - демейді. Жетті ме миыңа? “Өз-де-рі си-яқ-ты бол-ған-да шы-ға-ра-ды!?”
Міне, мен енді өздерің сияқты болдым. “Өзіміз сияқты ойлау қабілеті жетілді. Қоғамға еш зияны жоқ” – деген бір бет қағазым бар қолымда. Қазір бір мінезім сен сияқты, “алсам, жесем!”- деп жұтынып тұрам.
Бір қылығым... охо, мына Сіз сияқты, өтірік безермей-ақ қойыңыз, дәл Сізді айтып отырмын, иә, иә, түсіндіңіз ғой өзіңіз екенін, “Елім, Жерім!” - деп ах ұрғанда бүкіл жұрт жұтына тыңдап, Елбасының алдына барғанда өзімнің жағдайымды жайластырып шыға берем. Біраз жұрт Сізден аумай қалғанымды айтып, таңдай қағып жүр. 
Енді бір мінезім осы анооооу отырған саған ұқсайды. Иә, күлім көзім, сені айтып отырмын. Бұрын ешкімнің ала жібін аттамайтынмын. Қазір ала жіп түгіл алты метр дарбазаңды аттап өтем. Ақ сақал, көк сақалыңа қарамай  арс ете қалам! “Үлкенге құрмет, кішіге ізет” – дегеніңе тфу!!!
Тағы бір құдай атқыр қылығым әнеу біреу сұмпайы сияқты, о тоуба! Осы жылы сөйлеп, жанын жібітіп, құлағына құймақ құйып, миына майшелпек пісіріп, айтқаныма көндіріп, соңымнан ердіріп, билікке қарсы шауып, ол қылығыма қолдаушы тауып, “оппозиция деген Біз боламыз!”-деп, билікке мұз, халыққа дәмді тұз боламыз деп, өз руымды жаныма жиып, өзгені “жансыз”, “сатқын”, “арсыз”- деген күйе жағып, алты бақан алауыз қылып, елді атыстырып, шатыстырып қоюдан алдыма жан салмай бара жатырмын!
Содан кейін тағы бір мінезім осы мына сен сияқты! Иә, сарттың сыпырғысы сияқты сидам-сидам, селдір сақал, әп берекелді, өзіңді айтқанымды сезе қойдың,ә?! Тура осы өзіңді сойып маған қаптап қойғандай, аумай қалам ғой тегі! Аузымда алла, санамда сайтан, алақанымда албасты отырғандай тіпті, уағыз айтып, уыздай ұйытып отырып-ақ қазақты қазаққа байқатпай айдап салатын болдым, бір жеріме
қарамай! Дәстүр-салтыңды, ықылым заманнан келе жатқан қалпыңды маскүнемнің асқазанындай айнытып, лоқсытып жіберетін талант пайда болды!
Ал енді “өтірікті шындай, шынды құдай ұрғандай” соғатыным осы отырған өздеріңнен кем емес енді! Кейде оныма өзім сеніп қалатын болып жүрмін. Уәде бергенде үкімет сияқты кірпік қақпайтын әдет таптым. Селт етпеймін, бетім бүлк етпейді. “Сазбет” – дегенді көрмеген болсаңдар маған қараңдар! Бітті, таныс болдық.
Келесі бір мінезім аноу еке,.. жо-жоқ үше,.. мәсссаған, кәдімгідей бар екенсіңдер ғой!? Тура солар сияқты болдым! Көсемдерді мақтағанда енді әлем әдебиетінде бар көрікті сөздің бәрі менің тілімнің ұшына үйіріле қалады ғой! Ойбой, ол кезде мені тыңдаған адам көркем сөздің көсемін көргендей күй кешеді! Кейбір өнер мен әдебиет жағалаған марқасқаны жүрелегенде жер иіскейтін жеріне мамық төсеп, “Сұрапыл! Сұмдық! Сендей адам бір ғасырда бірақ рет туады! Әй, қайдам, уәпше тумаған да
болар!” – деп, таңдай қағып, талып қалам ғой әлгі жерде. Соныма сеніп өзін кәдімгідей көшбастаушы көсем, ақыл айтар абыз санап, сол образдан шыға алмай, қисадан қиып, дастаннан түйіп, жыраулардан жиып, әдебиеттен үйіп алған жаттанды кесек сөйлеммен сөз бастап, қалжыңнан безіп, көпірменің малтасын езіп кетеді.
Үкеметке өтірік қағаз жиып, елге жалған есеп беріп, заңға сүйенетін жағын баттита жазып, байқатпай ұрлауды да, “Бұл мәселе оңай шешіле қоймас, міне жері қисынсыз, әне бір жері сөккетеу” – деген сылтаумен қара халықтың сұранысын сағызша созып, үздіктіріп барып үміт силап, алақанды майлауды да меңгеріп алдым!
Қысқасы, мен кешегі Әйдөш емеспін! Мені көрсеңдер танымай қаласыңдар енді! Себебі, тура өздеріңнен аумай қалдым!

Асқар Наймантаев

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 8356    Пікірлер: 0

бейсенбі, 22.04.2021, 10:40

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    9 Сәуір, 17:01
    ҚАЗАҚ ҚОҒАМЫ – ХАОС
    23 Ақпан, 09:09
    Біз кімбіз, сонда?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31