Тіл - тас жарады...

Иә, бізде де Тіл туралы заң бар. Солқылдақ.

  • Иә, бізде де Тіл туралы заң бар. Солқылдақ.

    Иә, бізде де Тіл туралы заң бар. Солқылдақ.

ТІЛ ЖАНАШЫРЫ ҒАНА БОЛУ АЗ, ТІЛ ҚОРҒАНЫ БОЛЫҢЫЗДАР!
Талап. Тілге қажеттілік туғызудан кейінгі керегі - лайықты талаптың болуы. Бірақ нені бетке ұстап, неге сүйеніп талап етеміз? Өзге елдердегідей мемлекеттік тілді білуге, сөйлеуге, қызметке тек тіл білетіндерді ғана алуға міндеттеуге болар еді. АҚШ, Германия сияқты бірқатар алып мемлекеттер тіл білмесе азаматтық бермейді. Оларда да бізден де көп ұлт өкілдері тұрады. Бірақ көрші мемлекеттің тілінде сөйлеп, жазып отырған бірі жоқ. Қызметке алуда тіл білуді міндеттейін десек, алдымыздан Конституцияның 14- бабының 2- тармағы шығады. "Тіліне, ұлтына, нәсіліне қарай кемсітуші" боп шыға келеміз. Иә, бізде де Тіл туралы заң бар. Солқылдақ. Талап ету, қажеттілік туғызу, бақылау функциялары жоққа тән. Сауатсыз жарнама, атауы қате жазылған мекеме, дүкен... Аймақтардағы тіл басқармалары заң аясында барынша осындай келеңсіздіктерді анықтап, ескертіп хат жазады. Сол ғана...
Бақылау функциясын 2013 алып тастаған. Осыдан келіп мемлекеттік тіл қауқарсыз қалыпқа түсті.
Көрнекі ақпарат құралдары туралы заң жобасын жылжыту барысында осы бақылау функциясын бір бап ретінде енгізген едік. "Атамекен" қарсы шықты. Бұл баптың өтуіне ендігі үміт Мәжіліс пен Сенатта. Дегенмен қол қусырып отырған біз жоқ, көріп, біліп отырғандарыңыздай, қоғамның көмегімен тіл беделін көтеруді белсенді бастап кеттік.
Президент халыққа есеп беріп отыратын мемлекет құру идеясын көтергені белгілі. Осы орайда өткен аптадағы үрдісімізді жалғап, тіл төңірегіндегі түйткілді мәселелерді шешуге міндетті Тіл комитеті Төрағасы қызметіндегі екінші аптада атқарылған жұмыстарға тоқталайын.
Бірінші, Мемлекет басшысының мемлекеттік тілді ұлтаралық қатынас тіліне айналдыру идеясын жүзеге асыру бағытында 25 қыркүйекте тіл жанашырларының қатысуымен «Тіл тұтастығы &ndash ел тұтастығы» тақырыбында онлайн конференция өткіздік.
Онлайн бас қосуда саясаттанушылар Дос Көшім, Расул Жұмалы, қоғам белсендісі Серік Ерғали, заңгер Абзал Құспанов, "Қазақ үні» ЖШС президенті Қазыбек Иса, қоғам қайраткері Оразкүл Асанғазы, «Тіл майданы» жобасының басшысы Қуат Ахметов, тағы басқа тіл жанашырлары сөз сөйледі.
Сенатор А.Қапбарова мен Мәжіліс депутаты Г.Шиповских, Президент Әкімшілігі ішкі саясат бөлімінің инспекторы Болат Керімбек сөз алды.
Конференцияда айтылған ұсыныстар негізінде 30-дан астам пункттен тұратын, ішінде Мемлекеттік тіл туралы заң қабылдау талабы бар Қарар қабылданды. Ол ҚР Президенті Әкімшілігіне ұсынылатын болады.
Екіншіден, жаңа шығып жатқан кітаптарға сыни көзқарас тұрғысында жазушы, сыншы және оқырман үштігімен онлайн кездесу өткіздім. Қазіргі күндегі екі ауыз сөз жазғанның бәрі жазушы, екі жол құрағанның бәрі ақын болып, әлеуметтік желінің бетін бермей жүрген халтурщик жазушы, ақындарға әділ сыншы керегін айттым. Олай болмағанда әлеуметтік желінің шалажансар шығармаларымен тәрбиеленген ұрпақтың талғамы бұзылады. Баспа ісі қазірше Тіл комитетіне қарайтындықтан, әдеби сынды, жалпы сын мәселесін жандандыруға орай нақты ұсыныстар айтылды.
Үшіншіден, тілді байытатын сауатты терминдер десек сол терминдер қабылдауда қандай заңдылықтарды сақтау керек деген әдістемелік кітаптың тұсауын кестік.
Төртіншіден, 1971 жылдан бері мақұлданған 27 мың терминнің санаға сіңбеген сәтсіздерінен арылу үшін не істеу керек деген мақсатта ғалымдармен және әр саланың термин жасаушы жұмыс тобымен семминар өткізіп, мониторинг жасау жұмысын бастадық.
Бесіншіден және ең бастысы, мемлекет басшысының еститін мемлекет міндетін жүзеге асыру мақсатында
еліміздегі барлық тіл жанашырлары мүше бола алатын "ТІЛ ҚОРҒАНДАРЫ" онлайн тобы құрылды.
Енді осы онлайн топқа және оған мүше болғысы келетін патриот бауырларға бір ауыз сөз айта кетсем.
ҚҰРМЕТТІ ТІЛ ЖАНАШЫРЛАРЫ!
Күні кеше тіл жанашырларының қатысуымен «Тіл тұтастығы &ndash ел тұтастығы» тақырыбында онлайн конференциясын өткіздік.⠀
Ендігі жерде тілге жанашыр болып жүру аз, тіл қорғаны болуымыз керек. Сондықтан да Комитет жанынан «ТІЛ ҚОРҒАНДАРЫ» онлайн тобын құрып отырмыз. Мемлекет басшысының мемлекеттік тілді ұлтаралық қатынас тіліне айналдыру идеясын қолдайтын еліміздің әрбір азаматы мүше бола алады.
"ТІЛ ҚОРҒАНДАРЫ" онлайн тобы тіл мерейін көтеру, заңсыздықтармен бірлесе күресу алаңқайына айналады.
Сондай ақ "ТІЛ ҚОРҒАНДАРЫ" онлайын тобы Тіл комитетінің парақшасында және менің фейсбук, инстаграм парақшамда, ватсабта "Тіл қорғандары" чатында да тіркеледі.
Тілге қатысты, жарнама мен, көрнекі ақпараттарда қате жазылса, басқа да заңбұзушылықтар болса суретке, видеоға түсіріп жіберіп отырыңыздар. Біз құзіретті комитет ретінде қандай да заң бұзушылықтардың түзетілуін заң аясында талап етеміз. Одан бөлек азаматтардың тіл үшін күрестегі белсенділігін арттыруға өздеріңізбен бірлесе белсенді жұмыс істейтін боламыз.
Айта кететін мәселе, заң шеңберінен шықпауымыз, ешкімнің құқын бұзбауымыз, ешкімнің ар намысына тимеуіміз қажет. Текті жұрттың баласына тән әдебімізді, мәдениеттілігімізді, заңды құрметтеушілігімізді өзіміз үлгі ете отырып, жоғарыда айтқанымдай, тілге қатысты жарнамадағы, жапсырмадағы басқа да қателер мен қызмет көрсетуде, қызмет алуда болған заңбұзушылықтарды суретке, фотоға, видеоға түсіріп жіберіп отырсаңыздар болғаны. Орын алған тілге қатысты заң бұзушылықтардан бізді осы онлайн топ желілері арқылы құлағдар етіп отырыңыздар. Біз өз тарапымыздан құзіретті органдарға талап қоямыз, түзететін боламыз. Одан бөлек Тіл жанашырлары арасынан елге, тілге қызмет етуге шын пейілімен берілген
заңгерлеріміздің де заң кеңесіне құлақ түре отырып, әр жағдайдың ақ- қарасын анықтайтын боламыз.
Өздеріңізбен бірлесе отырып бәріміз тілге қатысты заңсыздықты заң аясында шешуді ұйымдастырамыз.
Сондықтан да, құрметті
Тіл қорғандары, осы онлайн топқа өздеріңіз білетін, ниет білдірген, өздеріңіз жұмыс істеп жүрген тіл жанашырларын қосыңыздар. Қатарымыздың күн емес, сағат санап өсуі тіл беделін көтеруде аса маңызды.Ол үшін төменге қолдаймын деп жазып, аты- жөніңізді және телефон нөміріңізді (мүмкіндігінше ватсаб қосылған. Сондай ақ телефон нөмірін менің жекеме, инстаграмдағы парақшамда дайректке қалдыра аласыз) қалдырсаңыз болады.
Іске сәт, тіл қорғандары! Тіл тағдыры Сіздердің қолдарыңызда!
Әділбек Қаба,
Тіл комитетінің Төрағасы




Көрілген: 1224    Пікірлер: 0

жексенбі, 27.09.2020, 10:54

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31