Жаһанданудың жұтқыншағына жұтылу деген, міне, осы, ал!

19 мамыр 2022, 16:13

Ақпараттық қауіпсіздік деген нөл екен ғой иә бізде Ютуб деген бір тажал болды. Оны қадағалап жатқан тірі жан жоқ. Әлгі осыған дейін айтып, сынап жүргеніміздің бәрі қазіргі көрсетіліп жатқандардың жанында жіп есе алмай қалыпты. Әншейін жай нәрсе екен. Толған тәртіпсіз видео, тәртіпсіз әндерге түсірілген тексіз бейнебаяндар... Тәртіпсіз (анайы) сөйлейтін тексіз жүргізушілер...Мәәәә айтарға сөз жоқ! Ол үшін ұялып жатқан ешкім жоқ. Кәдімгі қалыпты нәрсе сияқты. Ең бастысы бәрі қолжетімді! Іздеп, әуреге түсудің қажеті жоқ. Ашып қалсаңыз, ытып шығады. Кеше бір құрбым "Балам бір детский канал көріп отырған. "Тез жазыл! Жазылмасаң мамаң өліп қалады" деп айтып жатыр екен. Баламның есі шығып, көзі жыпылықтап маған қарай берді" дейді. Сұмдық қой! Ересек адам емес, баланың қауіпсіздігін қамтамасыз ете алмай отырмыз бәріміз жабылып. Тик-ток деген жексұрын қосылды оған. Арсыз, тексіз, ұятсыз деген сөздердің өзі онда көрсетіліп жатқан дүниенің нақты бағасын, мазмұнын әлде деңгейін бе, бере алмайды. Балаларға арналған онлайн ойындардың өзі кілең боқтық сөздерге толып кеткен. Жаһанданудың жұтқыншағына жұтылу деген, міне, осы, ал! Бесігімізді түзей алмай жүріп, басқа дүниеге ұмтылғаннан не пайда?! Мылтықсыз майдан... Балаларымызға ауыз салды. Қарусыз-ақ өлтіріп жатыр. Оны ойлап жатқан пенде жоқ. Күні бойы баласын жанына байлап жүрген ешкім жоқ. Бәріміз қу тіршілік деп кредитттен кредитке батып жүргенде балаларымыз әлдекімдердің, әлдебір алпауыт зұлымдардың жетегінде кетіп бара жатпағанына кім кепіл?! Ал олардың оны нендей зұлымдықтарға, нендей кесапаттарға итермелеп жүргенінен бейхабармыз. Бәріміз. Қорқынышты...

facebook.com парақшасынан