Тіл - тас жарады...

Жалпақшешейлік ұрлықты "өркендетіп" жатыр

  • Жалпақшешейлік ұрлықты

    Жалпақшешейлік ұрлықты "өркендетіп" жатыр

 БІР МӘСЕЛЕГЕ ҚАТЫСТЫ ҮШ ОҚИҒА

***

Былтыр бір мұғалім хабарласып, "бір керемет ақын қыз бар, өлеңін сіздерге жіберсек..." деді. Өлең келді. Расымен де керемет екен. Бір ерекше өлең өзі. Газетке салып жібердік. Сөйтсек, басқа бір ақынның өлеңі екен, бір сөзін өзгертпестен ұрлап алып, астына өзінің аты-жөнін қойып, жібере салыпты. Өте ыңғайсыз жағдайда қалдық. Өлеңді жіберген кісіге ескертіп айттық. Ары қарай ол қызбен сөйлесті ме, жоқ па, білмеймін.


***

Өткен аптада редакциямыздың поштасына бір қыз баладан хат келіпті. Дәстүр тақырыбында. Өте бір тамаша жазылған екен. Тура кітаптың сөзіндей. Жадыра күмәнмен қарап, әлгі қызға хабарласқан екен, "атамның тірі кезінде маған айтып бергені еді, осыны газетке шығарғымыз келген еді, реті енді ғана келді" депті. Атасының аманатына адал қызға ішіміз жылып-ақ қалды. Бірақ, біртүрлі, сене алмадық. "Апай, мен тексеруге тырыстым, өзі жазған шығар" деді. Сонымен әлгі мақаланы қолға алып, оқи бастадым. Алғашқы сөйлемнен-ақ күмәнім көбейе түсті. Сосын ішіндегі бір "терминдерді" гуглға салып кеп жіберіп ем, дайын кітаптан сөзбе-сөз (!) көшірілген болып шықты. Алты беттік мақаланы неше рет оқып, қатесін салып, соған уақытын, энергиясын кетірген Жадыраны аяп кеттім. Балаға қатты айта алмайсың, дегенмен, сілтемені салып, "осы кітапта сөзбе-сөз қайталанған екен, біз мұны жариялай алмаймыз, ренжіме" деп жазып жібердік. Бұл оқиға сіңлімізге сабақ болады деген үмітім бар. "Өтіріктің құйрығы бір тұтам" екенін түсінер деп үміттенемін.


***

Осыдан біраз жыл бұрын "Медианетте" сабақ беріп жүріп, студенттерге үйден кез келген тақырыпта жарты беттік пікір жазып келуді тапсырдым. Бір қыз бала жазғанын оқи бастады. Бір кезде... әлгі қыздың жазғанын бұрын да бір жерден оқығандай болдым. Бұрын болғанда бір-екі күннің айналасында көргендей әсерде қалдым. Содан лентаны кері айналдырып кеп жіберсем... Фейсбуктегі біреудің жазбасын көшіріп алған екен. Сөзбе-сөз!..


Осы желіде де "жазғанымды ұрлап алыпты, көшіріп алыпты" дегенді жиі естиміз. Үндемей қоя саламыз. Сол үндемеу, жалпақшешейлік ұрлықты "өркендетіп" жатыр ма деген ойға келіп отырмын. Біреудің еңбегін ұрлау, иемденіп кету оның қалтасындағы ақшасын ұрлағанмен бірдей екенін өзіміз де білсек, балаларға да айтсақ деймін.




Көрілген: 1356    Пікірлер: 0

бейсенбі, 14.03.2019, 16:53

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31