Тіл - тас жарады...

Жалпы ниетіңізді түзеңіз. Пиғылы дұрыс адамға ауру да жоламайды

  • Жалпы ниетіңізді түзеңіз. Пиғылы дұрыс адамға ауру да жоламайды

    Жалпы ниетіңізді түзеңіз. Пиғылы дұрыс адамға ауру да жоламайды

Адамның ниеті бұзылса қиын екен. Біз бәрін өз ниетімізден таптық. Бүгінгі қалыптасқан жүйе де сол ниеттің жемісі. Мен ешкімге ақыл айтпаймын. Бұл өз ойым. Келісу келіспеу сіздің ырқыңызда.
1. Дәріханада дәрі жоқ. Керек болсын болмасын пачкалап сатып алдық. Шын ауырып жатқандарды ойламадық. Өзіме ғана болсын деген ниет. Менмендіктің жеткен жері. Әншейінде "Әр қазақ менің жалғызым" дейтініңіз қайда? Кешегі ұлылардың ұрпағында, бидайдың ұнтағындай жақсы қасиет қалмады ма? Ашкөздігіңіз құрдымға апарады деп ойламайсыз ба? Пейілдің тарылғаны ай.
2. Билікте отырған патшадан бастап, аяғы әкім қараға дейін жемқор деп кінәләймыз. Ал, сіз өзіңіз ешнәрсе жемедім деңізші. Дей алмайсыз. Себебі, сіздің қолыңызға қомақты қаржы беріп жұмыс тапсырса, аз-кем пайда көріп қалуды ойлайсыз. Демек жымқырып жеп қалдың деген сөз. Енді қай бетіңмен билікті кінәләйсың? Басшыны да Құдай пейіліңе қарай береді.
3. Өткенде той томалақты тоқтату керек, ел алдында жүрген әншілердің бәрін шегіртке дедіңіз. Дұрыс пандемия кезінде тойды тоқтату керек. Ал, ел алдында жүрген өнер адамдарын өзектен тепкеніңіз не? Бұл да қызғаныштың қызыл иті ішіңізді тырнап, ниетіңіздің бұзылғандығы. Әркімге беріле бермейтін, басына бақ қонған ұл-қыздарыңыздың табысын санап сұқтанардай не күн туды басыңызға? Тойды шулап жүріп тоқтаттыңыз делік. Сонда өлім-жітімде ғана бас қосуымыз керек пе?

Жалпы ниетіңізді түзеңіз. Пиғылы дұрыс адамға ауру да жоламайды.


Ернат Ысқақ
Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 2101    Пікірлер: 0

жексенбі, 05.07.2020, 12:53

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31