Тіл - тас жарады...

Жаңа масалардан қорқып отырмын...

  • Жаңа масалардан қорқып отырмын...

    Жаңа масалардан қорқып отырмын...

Бұрында бір бейбақты ханның уәзірлері ұрып-соғып, қол-аяғын байлап, масаларға талатып қойыпты. Оны аяған ауыл адамдары, өздері жазаланудан қорқып, жанына бара алмайды екен. Масаның талағаны соншалық, әлгі бейбақтың денесі тіпті масадан көрінбей, қып-қызыл болып, жаны қиналып айғайлапты. Ақыры, ауылдасының қиналысына шыдамаған көршісі "мейлі, мен-ақ жазаланайын " деп бүкіл масаны ұшырғанда әлгі бейбақ еңіреп жылап жіберген екен. Оның бұл қылығына таң қалған көршісі "жылағаның не, мен саған көмектесіп жатырмын ғой " десе, бейбақ " О, көрші, бұл тойынған масалар еді. Қанға тойған ескі масаларымды неге ұшырдың? Қазір жаңа масалар кеп, олар тойынып болғанша менің не жаным қалады?" деген екен....

***

Енді-енді жақсы бастамалар басталып келе жатыр еді... Масаларды кім ұшырды екен? Жаңа масалардан қорқып отырмын...

Не де болса, әліптің артын бағайық.


Айдана Сегізбаева Айдана Ахмет

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 1153    Пікірлер: 0

жұма, 22.03.2019, 16:02

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31