Тіл - тас жарады...

Жанын баға алмай жатқан отыз үйлі ауылға шекараның шебі не керек!?

  • Жанын баға алмай жатқан отыз үйлі ауылға шекараның шебі не керек!?

    Жанын баға алмай жатқан отыз үйлі ауылға шекараның шебі не керек!?

Бүкіл ғұмырын Тарбағатай ауданының мәдениеті саласына арнап келе жатқан Шакен Копшикбева апайым былай депті:


"ЖАУ КЕТКЕН СОҢ ҚЫЛЫШЫҢДЫ БОҚҚА ШАП...", -деп атам қазақ баяғыда айтып кеткен... Шекара бос қалды. Бұл ақиқат! Шекараны тұрғын халықпен шегендеуді біздің үкімет осыдан ЖИЫРМА ЖЫЛ бұрын ойлауы керек еді... Анау Қытайға 3-ақ шақырым тұратын Ахметбұлақ ауылының аумағына кіре салысымен қолыңыздағы ұялы телефоныңыз" Қош келдіңіз Қытайға! "дейді. Қытай шекара шебіне телекоммуникациялық құрылғысын, қаласын баяғыда салып тастаған... Қалаларының жарығы самаладай... Ал бізге не жорық!? " Қайнайды қаның... "Шекаралық ауылдарды дамытамыз дейді! Алдымен бір шенеуік кабинетінен шығып шекаралық ауылдардың жағдайын өз көзімен көрді ме екен!? Үдере көшу, осыдан жиырма жыл бұрын басталып кеткен. Құлаған үйлер, тастап кеткен баспана, ілдебайлап ағаш бала жинаған мектеп... Көретін көз бар да, көңіл бөлген кім бар!? Қазақтың ауылы құрып барады деп зарлағалы қашан?? Билік өте жай қимылдады... Кешікті... Шекарадан қытайдан қашқандар спокойно өтіп жатыр... Бұрын тұрғындар бөтен" шыбын" көрсе өре түрегелетін. Қазір шекара ешкімге керек емес... Жанын баға алмай, тапқан таянған малын біресе ұры алып, біресе қасқыр талап жатқан отыз үйлі ауылға шекараның шебі не керек!? Бұрын патриот еді, ауылдың халқы... Қазір үмітсіздіктен қайырсыздықтан, алдаудан шаршаған ауыл...

Үңірейген үйлерден азынаған желден басқа түк қалмағандай... Жаным ашиды.. Үнсіз қала алмадым... Әттең осыдан жиырма жыл бұрын ауыл естеріне түскенде гой...



Ермек Құрманғалитегі

Фейсбуктегі парақшасынан


 




Көрілген: 2801    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 25.11.2019, 10:50

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    12 Желтоқсан, 13:34
    Қайран Маман бай, қайдасың?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31