Жарты күндік жиынға 223 миллион жұмсалғанда, Азия жазушыларының форумы деп 281 миллионды екі күнде тауысқанда таң қалғанбыз
Бұ дүнияда біз түсінбейтін зат көбейіп кетті, ә?.. Былтырлары жастар жылы ашылды деп Назарбаевты қатыстырған жарты күндік жиынға 223 миллион жұмсалғанда, Азия жазушыларының форумы деп 281 миллионды екі күнде тауысқанда таң қалғанбыз.
Өткен аптада ақын қыздың 28 миллиондық кеші әшкере боп, соңы рушылдық-жершілдік драмаға айналып кеткенде өмірден түңіле жаздадық.))
Кешелі-бүгін 1 миллион долларға кітап шығарып тастаған алашшыл азаматты естіп тілімізді жұтып қойып отыр ек, енді қазір ашық аспан астында дайын киноны лед-экраннан көрсеткені үшін 26 миллион теңгені жеген Нұр-Сұлтан әкімдігіне тәнті болдық...
Бірақ, білесіздер ме, осы даулардың бәріне ортақ бір нәрсе бар: ол - ешкімнің жауап бермейтіні... ((