Тіл - тас жарады...

ЖАРТЫСЫ ӨЗІМІЗДІҢ МӘҢГҮРТ ҚАЗАҚ БОЛҒАСЫН, ӨЗГЕГЕ КІНӘ АРТА АЛМАЙМЫЗ

  • ЖАРТЫСЫ ӨЗІМІЗДІҢ МӘҢГҮРТ ҚАЗАҚ БОЛҒАСЫН, ӨЗГЕГЕ КІНӘ АРТА АЛМАЙМЫЗ

    ЖАРТЫСЫ ӨЗІМІЗДІҢ МӘҢГҮРТ ҚАЗАҚ БОЛҒАСЫН, ӨЗГЕГЕ КІНӘ АРТА АЛМАЙМЫЗ

Қарағанды қаласында "Орыс әлемі" фондының қолдауымен "Орыс орталығы" ашылыпты. Тура 4-маусым, Рәміздер күнінде. Бұл Қазақстандағы үшінші орталық екен. Бұған дейін Ақтөбе мен Алматыда ашылыпты. Мақсаты мәдени байланыстарды арттыру, орыс тілді ортаны қолдау дейді.

 

Мен мұндай орталықтарға үлкен күмәнмен қараймын. Қазақстанда орыс тілді ортаға қолдау онсызда орасан, тіпті қазақ тілді орта екінші орында. Өз елінде өгей. Елімізде орыстілді сайттардың, газет-журналдардың саны қазақ тілінен көп, мемлекеттік құжаттар орыс тілінде көбісі, ал заңның басым бөлігі Ресей тілінде қабылданып келеді. "Орыс тілінде айтыңызшы, мен қазақ тілін білмеймін" дегенді күн сайын естіп жүрміз. Соның жартысы өзіміздің мәңгүрт қазақ болғасын, өзгеге кінә арта алмаймыз. Дәл осындай орталықтардың астарында мәдени байланыс пен мемлекеттер арасындағы достықты арттыру миссиясы жатқанына сенбеймін.

 

Ресейде миллионнан астам қазақ бар. Бірақ қазақ мектептері саусақпен санарлық. Оны айтып, көтеріп жатқан қазақ билігі жоқ. Үнемі жылы жауып қояды. Арасында ұлттық саяси ұпай жинау үшін бір-екі депутат айтуы мүмкін, бірақ айту ол істеу емес. Мәлімдеменің соңы не болғанын білмеймін. Егер жасап жатса қуанaмын.

 

Осындай орталықтардың қызметін тексеріп, бақылауда ұстап отырған құзырлы органдар бар ма? Не шығарып, не айтып жатыр, қандай идеология ұстанады дегенді сүзгілеп отырсыздар ма? Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті бұны назарда ұстайды деп ойлаймын.

 

 

 

 

Асхат Қасенғали

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 11622    Пікірлер: 0

жексенбі, 06.06.2021, 15:05

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    9 Сәуір, 17:01
    ҚАЗАҚ ҚОҒАМЫ – ХАОС
    23 Ақпан, 09:09
    Біз кімбіз, сонда?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31