Тіл - тас жарады...

Жер үйлер секторын көргенде, олардың артында қаншама қазақтың көз жасы бар екен деп ойлаймын

  • Жер үйлер секторын көргенде, олардың артында қаншама қазақтың көз жасы бар екен деп ойлаймын

    Жер үйлер секторын көргенде, олардың артында қаншама қазақтың көз жасы бар екен деп ойлаймын

Бір көкеміз пәлен жыл үй салды. Төрт банктен кредит алды байғұс. Мойыны ырғайдай, биті торғайдай болды. Жұмыс істейді, жалақысы статистика бойынша -. орташа жалақы. Жалақысы ол кредиттеріне жетпей жұмыстан кейін жаман аудиына мініп таксовать ететін.

Таксовать етіп болғасын үй салатын, үй салатын адамның күйбең тірлігі біткен бе, күйкі тірлікпен қыбыр - қыбыр, жыбыр - жыбыр. Асарға шақыратын, мен барып тұратын едім. Сырттай аяйтынмын оны, нағыз өлермен адам. "Балалар өсіп қалды, балалар үшін не істемейсің" деп тыпыр - тыпыр дамыл таппайды. Біреу қара нардың адам кейпі бола ма десе, мен міне деп көрсетер едім. Үй маңындағы күйбең тірлігі біткесін шала ұйқымен жұмысына кететін.

Алдында пәлен жыл үй жалдап тұрғасын, жер алып үй салуға бел буған еді. Ол кезде әбден баспананың зарын тартты. Ал ол салған баспанасы да меніңше оның жарты ғұмырын алып кетті. Жұмыс істеп жүріп үй салу оңай ма. Фундаментін көтеру, қабырғасын қалау, төбесін жабу.... Жұмыстағы бір адам үшін қажымас қайрат талап ететін шаруа...

Ол ақыры Астана маңындағы Талапкерден балшық кешіп жүріп қатынап үй салып алды. Шүкір.

Ал енді құдай бетін аулақ қылсын тап осы кезде осы көкеміздің денсаулығы сыр берсе бар ғоя, не боларын кім білген...

Бірақ рас, ол бұндай бейнеттен белі бүгіліп қартайып қалды. Қазір той - томалаққа баратын бопты, бұрын бармайтын.


Мен кейде Астанадағы Талапкер, Қоянды, Ильинка, Қосшы деген қала сыртында пайда болған кілең қазақтар тұратын жаңа жер үйлер секторын көрген кезде, олардың артында өз баспанасын армандаған қаншама қазақтың өлермендігі, қайраты, көз жасы, уайым - қайғысы, денсаулығы, жүйке талшықтары, берген құрбанының құны жасырынып жатыр екен деп ойға шомып кетемін.

Осының бәрін үйі салынып болғасын аңғал қазақтар ұмытып кетіп жатыр. Баспаналы бақытты қазақ үйін салып алғасын артық әңгіме шығара қоймайды. Ал былай бұл жалпы үлкен мәселе ғой.


Жалпы, дені дұрыс өркениетті елдерде халқын баспанамен қамту мәселесі өкіметтің тікелей стратегиялық міндеттерінің бірі болып есептеледі.

Мемлекет жыл сайын халқының қанша пайызын баспанамен қамтығанын және болашақта қамтитынын айтып жоспарлап отырады. Және осы мақсатта ол өкімет бұл мәселені оңтайлы шешудің жолын қарастырып еш дамыл таппай безектеп кетеді. (Енді, халқын баспанасыз далада қаңғыртып қоя ма)

Халықтың жалақысын көтеруден бастап, баспанаға сатылатын жер бағасын қолжетімді етуге шейін шараларды реттеп отырады. Қолжетімді ипотекалық саясат та соның қолында. Ішкі нарық заңын да сол өкімет реттейді.

Өйтпесе ондай өкіметтің қара бақыр құны жоқ, ондай бездельник өкіметтің халық үшін не керегі бар?

Бұны шешудің жолы көп. Миллиард түгенше миллион халқы бар Қытай да сонша халыққа баспанасын салып та, тауып беріп үлгеріп те жатыр, шыбық егетін артық қадам жері жоқ шап - шағын Жапон мен Сингапур де баспана мәселесін жақсы шешіп алған екен. Шешетін бас оны шешеді.

Ал бұндай механизм жұмыс істемейтін елде баспана мәселесі ешқашан күн тәртібінен түспейді. Ал халқы әлгі менің көкемдей итшілеп кетеді.


P. S.

Жығылғанға жұдырық демекші, соңғы кезде Ахметбек Нұрсері деген кісі баспанасыз қазақты суырға теңепті дегенді естіп жатырмын.

Сол кісіні жұртты жинап тренинг өткізетін білгіштің бірі дейді...

Оның тренингіне қандай адамдардың баратынын білмедім, бірақ меніңше ол кісінің өзі жұртқа ақыл айтпас бұрын, біраз өзінің сауатын ашу керек сияқты.


Олжас Әбіл

Фейсбуктегі парақшасынан


 




Көрілген: 2200    Пікірлер: 0

бейсенбі, 28.11.2019, 11:52

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    12 Желтоқсан, 13:34
    Қайран Маман бай, қайдасың?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31