Тіл - тас жарады...

Жергілікті әкімдік «Еститін үкіметтің» ақпақұлақ немересі болды

  • Жергілікті әкімдік «Еститін үкіметтің» ақпақұлақ немересі болды

    Жергілікті әкімдік «Еститін үкіметтің» ақпақұлақ немересі болды

Біз Алматы облысының Талғар ауданына қарасты Тұздыбастау ауылында тұрамыз. Әкімге жарымайтын Талғар ауданынының маңдайына Жоландай жігіт бітіп, енді жырғайтын шығармыз дегенде, оны да атың өшкір тәжтажал алып кетті. Көп нәрсеге үлгертпеді. Одан кейінгі әкіммен танысып үлгермедік. Аудан халқының көпшілігі оның аты-жөнін істі болғанда естіді. Ендігі әкімнің не істерін, не істей аларын Құдай білсін.
Тұздыбастау ауылының біз тұратын Айсұлу ықшам ауданында құдайдың құтты күні электр жарығы сөнеді. Жарық жанса газ өшеді. Газ бен жарық жанып тұрса, су тоқтап қалады. Жергілікті әкімдікке шағымданудан шаршадық. Жергілікті әкімдік «Еститін үкіметтің» ақпақұлақ немересі болды. Естиді, бірақ, нәтиже шығармайды. Бір құлағынан кірген сөз екінші құлағынан шығып кетедінің кері.
Біз Тұздыбастау ауылының Астана және Тоқтаров көшесінің тұрғындары көшемізге өзіміз ақша жинап жарық тартып алғанбыз. Қараңғы түнде айналамызды самаладай жарық қылып тұрған шамдардың ай сайынғы ақшасын да өзіміз төлеп тұрдық. Былтырғы жылы «дайын тұрған жарықты өздеріңнің баланстарыңа алыңдар» деп хат жаздық. Құдайдың зарымен балансқа алдырдық. Алдырғанымызды қайтейік, мүйіз сұраймын деп құлағынан айырылған тоқал ешкінің кебін кидік. Әкімшіліктің балансына өткелі бері, бұған дейін бірде-бір рет өшпеген (әрине ауылда жарық бар кездерде) көшеміздегі жарық шамдары бір күн жанса, үш күн өшіп тұрады. Хабарлассаң қырық сылтау айтады. Қаржыны үнемдеп отырмаса, басқа не болуы мүмкін? Өйткені әкімдіктің балансына өткізіп берген екі көшенің жарығы өшіп тұрғанда өтпеген көшелердікі жарқырап тұрады.
Күнде бұлай өше беретін болса, көше шамдарын өзімізге қайтарып бергендеріңіз дұрыс болар деген шешімге келдік. Соншама қаржыға орнатқан жарықтың игілігін көрейік. Осы Тұздыбастау ауылдық округінің әкімі Baimoldanov Miras мырзамен де бұл туралы біраз әңгімелестік. "Бірдеңе сынып қалды, үзіліп кетті" дегеннің жай әңгіме екені сауатсызға да көрініп тұр, себебі жеке меншік шамдар, яғни манағы әкімдік балансына өтпеген шамдар жанып тұр. Ауылда қараңғыда қаптаған ит жүреді, қараңғы емес жарықта да үйір-үйірімен өріп жүреді. Өткен бір жолы ит аулаушылар келіп біраз итті алып кеткен. Одан азайғанын байқамадым, тіпті көбейе түскендей. Бұған дейін ауылдық округ әкіміне бірнеше рет өтініш айтқандықтан, ол кісі өтінішті қанағаттындыра алмағандқтан, бұл аудан деңгейіндегі, болмаса облыс деңгейіндегі мәселе шығар деген ойға келдік.
Облысымыздың әкімі Амандық Баталов бірер күн бұрын берген сұхбатында «Әкім деген халық үшін жұмыс істеуі керек. Қара басын ойласа ондай адамның орнын босатқаны жөн» деп айтып еді. Құдайдан «Уа, Тәңірім, Талғар ауданына халықтың қамын ойлайтын әкім бере көр» деп тілеп, облыс әкімінен «Өз ұстанымыңыздағыдай әкім тағайындауыңызды сұраймыз» деп өтініп отырғанбыз. Сол аралықта, осы бір-екі сағат бұрын Талғар ауданы әкімдігі Амандық Батталов Талғар ауданына жаңа әкім тағайындағанын жазыпты. Қайдар Әбдіханов мырзаны тегтей алмай отырмын. Дәл бүгін құттықтаудың орнына шағыммен қарсы алғанымыз үшін сәл кешіріммен қараңыз, әбден шаршап отырмыз. Бір жағынан осы "еститін үкіметке" естуге, мәселелерді шешуге келген боларсыз, сондықтан аса бір айыбы бар деп ойламаймыз.
Мәселені оңынан шешіп беріңізші, Қайдар Әбдіхан мырза!

Бану Даулетбаева

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 2332    Пікірлер: 0

бейсенбі, 04.03.2021, 10:33

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    9 Сәуір, 17:01
    ҚАЗАҚ ҚОҒАМЫ – ХАОС
    23 Ақпан, 09:09
    Біз кімбіз, сонда?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31