Тіл - тас жарады...

Жұрттың қамы үшін емес, көп ағалар қарқан басы үшін ұпай жинап, жанталасып жатыр

  • Жұрттың қамы үшін емес, көп ағалар қарқан басы үшін ұпай жинап, жанталасып жатыр

    Жұрттың қамы үшін емес, көп ағалар қарқан басы үшін ұпай жинап, жанталасып жатыр

Оңтүстіктегі ағайынның біріне-бірі жәрдемдесіп жатқанын көріп мынаны айтқым келеді.

Бір жазушының "қазақтың жауы - қазақ" деп ұран көтеретіндей не басымызға күн туды?" дегені бар. Сөзін сабақтай келе сол қаламгер "қазақтың жауы - ұлтсыздық" дейді.

Айтайын дегенім, соңғы бірнеше жылдың көлемінде елдің ауызбіршілігі өте күшті беки түсті. Сіздер Зеленскийды күтіп жүргенде, арамыздан әлдеқашан жайсаң қыз-жігіттер өздері бас болып қанша тындырымды тірлік істеді. Иә, күні бүгінгі төтенше жағдай кезінде де қаншама жомарт жандар мұқтаж жандарға көмек қолын созып жатыр.

Оның алдында да ұшақ апатынан соң қараша халық қайғымен отырған шаңыраққа өз үлесін қосты.

Мұның бәрі ешбір әкімдіктің, басшылықтың бастауынсыз жүзеге асты. Тек олар жолбике болып, есебіне қосып ұпай түгендеді.

Иә, ұлттың ынтымағы мықты. Бірақ қазақтың бірлігін бүгінгі ірілі-ұстақты азаматтардың пікір қайшылығымен өлшеуге болмас. Сен діншіл бол, демократ бол, ұлтшыл бол - елге бәрібір. Бес тиынға да керегі жоқ. Олар әуелден-ақ тас түйін. Тек "бас-басына би болған өңкей қиқымдар" елдің ала тайды бүлдіріп болды. Соған ішің ашиды, жаның күйеді. Елдің бірлігі, жұрттың қамы үшін емес, қазір көп ағалар мүдделесі мен қарқан басы үшін ұпай жинап, жанталасып жатыр.

Бұл да бір ұлтсыздық...

Азамат Әбілқайыр
Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 2107    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 04.05.2020, 11:45

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31