Жүйені осындай жағдайға жеткізгендерді бір мезгіл ар-ұяты мазаламай ма екен?!
Осы уақытқа дейін мемлекетімнен бір де бір пайда көрмедім. Мемлекеттік жеңілдікпен баспана алмадым. Өз үйімді өзім тұрғыздым. 19 жыл бойы ауырған қызым бар. Мүгедектік тағайындарда қанша есікті қағамыз. Біртановтан қанша көмек сұрадым."Дәріні тегін алуға көмек беріңіз, шетелде емделіп келуге квота беріңіз". Үнемі отказ берілді.. Тіпті соңғы жолдаған хаттарыма жауап та келмеді. 2018 жылы қызым қатты ауырғанда санавиация сұрадым. Астанаға жеткізу үшін. Онда да міз баққан жоқ. Ақыры ақшасын төлеп өз күшіммен әкеттім. Кореяға елдің көмегімен бардық. Кореяға барғанда профессорлар қызымды көріп "мұндай балаларды мемлекет зерттеу керек, қамқорлығына алу керек" деді. Атасының басы. Тегін медициналық көмектің қай түрін алдық біз. УЗИ, МРТ, КТ, жүрекке УЗИ барлығын ақылы өтеміз.. Невропотолог, эндекринолог, гастроэнтолог, колоноскопия дейсіз бе, барлығына ақылы қызметке жүгінеміз. Балам үшін табам ғой. Шүкір. Кейде айғайласып жүріп тегін аппараттарға түсіп аламыз. Бірақ әр барған сайын жүйкені жұқарту да шаршатады. Қызыма санаторий парақшаларын бұрын беретін соңғы төрт жыл бермейді. Өйткені менде айғайласуға, арыздануға шама жоқ боп кетті. Жарымжан жандар барып демалуы тиіс жерге олар өз таныстарын жіберетіні даусыз. Бұл бір менің басымдағы жағдай, ал осындай мәселемен қаншама адам бетпе-бет келіп жатыр. Ұят қайда?! Ынсап қайда?! Жүйені осындай жағдайға жеткізгендерді бір мезгіл ар ұяты мазаламай ма екен?!
Карлыгаш Зарыкхановна
Фейсбуктегі парақшасынан