Тіл - тас жарады...

"Кабинетный" Шелпекбайлар қашан орындарын босатар екен?

  • "Кабинетный" Шелпекбайлар қашан орындарын босатар екен?

250 мың тонна капуста Оңтүстікте пісіп тұр. Диқан қазір көкіністің келісін 10 теңгеге өткізе алмай отыр деседі. Мен 2-3 апта бұрын жаңа піскен қырыққабаттың алақандай біреуін 500 теңгеге сатып алдым. Бір ғана Оңтүстік өңірдің күллі Қазақстанды жеміс-жидек, көкініспен қамтуға шамасы бар. Жері құнарлы, ауа-райы қолайлы, халқы еңбекқор. Мемлекеттен үнемі қайыр сұрауға арланбайтын ФОРБС-тың олигархтарына ақша үлестіргенше деймін де, инвестицияны Оңтүстіктің ауылшаруашылық саласына құйсашы. "2 емес 5 қоянды бір оқпен атуға" болушы еді. Екі қолға бір күрек іздеп" әр өңірде сабылып жүретін оңтүстіктегі ағайын жұмыспен қамтылады - бір, бюджеттен әлеуметтік жәрдемақы алушылар саны азаяды - екі (республика бойынша ең көп пособие алатын аймақ осы Оңтүстік), қытайдан тасымалданатын сапасы күмәнді көкініс рыноктан өздігінен жоғалады - үш, отандық өніммен ішкі сұранысты өтеуге мүмкіндік жолы ашылады - төрт, аймақтың әлеуметтік-экономикалық ахуалы жақсарады - 5.
Үкіметте Оңтүстік аймақтық агрокешенін дамытуға арналған "развернутый" мықты бағдарлама қабылданса, оның іске асырылуын тиянақты қадағаласа және жақсылап ақша құйылса болды емес пе?!
Билікте қонжиып алған бюджеттік бизнесмендер мен экономикалық секторға жауапты өңшең "кабинетный" Шелпекбайлар қашан орындарын босатар екен? Алқаптарда диқандармен қоса жанып-күйіп жүретін нағыз іскер менеджерлер "көбік ауыз" Үкіметтің көлеңкесінде осылай қалып кете берер ме екен, ә?!

 

Дина Елгезек
Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 2190    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 29.04.2020, 12:30

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31