Тіл - тас жарады...

Қала қаңғыбастары неге бұл күйге түседі?

  • Қала қаңғыбастары неге бұл күйге түседі?

    Қала қаңғыбастары неге бұл күйге түседі?

Бұрын қаланың қаңғыбастары дегенде тек орыстарды ойлаушы едік кейіннен қазақтар да көріне бастады. Көшеде қалған біреулер болса мейлі ешкімі жоқ қарап тұрсың әжептеуір лауазымда істеген адамдар да осындай күйге түсіп жатады. Әрине қарап тұрсаң арақ құртқаны көрініп тұр. Жаңа Асыларна бір осындай қаңғыбастан сөз алып тұр. Ақырында әлгі қаңғыбас ата анасын ойлап жылап жіберді. Е сол байқұстың ақыры не болды екен деп енді ойлап отырмын. Асыларна сөз алып жайына кетті ме екен әлде ата анасына хабар беріп емдеді ме екен? Әр бір қазақ жалғызым бірақ қаңғыбастар қағидан тыс заман болды ма бізге?

Осы жайлы екі мысал беріп әңгімемді аяқтайын.
Бірінші әңгімем мынау: Бір таныс қария кісі бар еді. Сол айтады. "Бір күні Тастақ мешітінде отырсам бір кісі бір қаңғыбас кісімен келді. "Мынаны емдесеңіз" деді де кетіп қалды. Мешітте отырмыз бірге. Әлгі қаңғыбас біраздан соң қалтырай бастады. Өліп кететін түрі бар. Ақыры амалсыз түн ішінде мешіттен шығып (қадір түні болса керек) дүкен іздедік. Бәрі жабық. Бір кезде бір дүкен табылды. Барып бір стақан құй дедім. Анау сатушы таңырқап тұрып қалды құймай. Сөйтсем басымдағы тақия мен иегімнің астындағы сақалыма қарап таңырқап тұр екен. "Сізге болмайды ғой ата" дегендей еді. Мен осыны түсініп "маған емес мына қаңғыбасқа өлетін түрі бар, берсең итің ішпейтін сары суға құмар болды ғой бұлар" дедім. Анау ішіп жіберді де тері бұрқ етіп қалтырағаны қоя қалды. Бірақ маған осындай харам істі жасатқанына қатты ұялып қоя берді. Бетінен ұяттың нышаны көрінді. Кешірім сұрағандай еді. Бір екі күн қасымда жүрді. насихатымды айтып, туралыққа шақырдым. Жуынып шайынып менімен бірге намазға тұрды. Түбегейлі өзгерді. Қайтып арақ ішпейтінін, қаңғыбас болып жүрмейтінін айтып ант су ішті. Әрине түсінген еді. Кейіннен әлгі таныстары келіп қолпаштап алып кетті. Сөйтсем елдегі бір аса лауазымды адамның бауыры екен". Әрине ол қарияға "арақ ішкізуге болмайды" деп фәтуа айтып білгіш молдасымақ болғаным жоқ. Кейіннен қарасам сол қария жүздеген осындай қаңғыбастар мен көшедегі жол бойында тұратын жаман жолдағыларды осындай жаман райдан қайтарған екен.
Екінші әңгіме өзімнің басымнан өткен. Бұны әлгі "Тұлға" кітабымда жазғам. Соны осындай қоя салайын білгішсіне бермей:

"Қайбір жылы университеттегі бір шәкіртім келіп анасының көп жылдар бойы жалғыз басты екендігін, сол себепті де басқа біреуге тұрмысқа шықса қалай болатындығын айтты. Мен: «Әкең қайда еді, ажырасқан ба еді?» –деп едім, ол: «Жоқ, әкем тірі, ажырасқан жоқ. Бірақ, көп жылдар бойы араққа салынып көше кезіп кетті. Әуел баста жағдайы жақсы, өте мықты бизнесмен еді. Арақты да көп ішпейтін. Бір күні табан астынан өзгеріп араққа құмар болып шыға келді. Арақ ішпесе тұра алмайды. Ол аздай көшедегі қаңғыбастарға еріп кезбе болатынды шығарды. Інілері бір-екі мәрте тауып алып келіп еді, бәрібір артынан кетіп қалды. Енді көп жылдар өтті, хабар-ошар да жоқ. Енді анам одан мүлде күдерін үзді», –деді. Мен оған: «Атам қазақ: «Әкең жынды болса байлап бақ», – демеуші ме, еді шәкіртім? Дереу, әкеңді тауып алып кел!» – дедім. Ол дегеніме көніп бір аптадан кейін қайта келіп әкесін таба алмағанын айтты. Мен: «Қайдан тапсаң одан тап, әкеңді іздеп тауып алып кел!» – деп, қайта қайтардым. Содан ол әкесін екі ай үздіксіз іздеп бір күні бір шіркеудің жанында қаңғыбастармен бірге қайыр сұрап жүрген жерінен тауып алып келді. Мен дереу әлгі суфитерапиямен айналасатын шәкіртіме жібердім. Екі айда сауығып өзіне келді. Үйімен қайта табысып, бұрынғы қалпына келіп, жаңа бизнесін бастады. Қайтадан жаңа өмір бастады тіпті бұрынғы қаңғыбас өмірін ұмытып та кетіпті".
Иә, Алла Тағала адам баласын Құранда "ең көркем бейнеде" жаратқанын айтады. Бұған қаңғыбастар да жатады. Бір замандары бұл қазақ жетімін жылатпаған, жесірін жалғызсыратпаған халық еді. Ал бұл күнде ер екеш ерлер де әлгіндей көшеде қаңғырып жүр. Тіпті көшеде көрсек бірдеңесі жұғып кететіндей корно вирусы бардай қашамыз. Сонда әлгі жаңа мақалды қайта жаңғыртып "әр бір "нәрмалны" қазақ жалғызым бірақ әр бір қаңғыбас қазақ жалмауызым" деп оңай құтылған боп тұрмыз ғой деймін.

Мұхиддин Исаұлы
Фейсбуктегі парақшасынан

 




Көрілген: 1005    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 17.02.2020, 12:45

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31