Тіл - тас жарады...

Қаншама адамды қолдан өлтіріп отырсыңдар...

  • Қаншама адамды қолдан өлтіріп отырсыңдар...

    Қаншама адамды қолдан өлтіріп отырсыңдар...

Дәл қазір "Хабар" арнасының жаңалықтар қызметі еліміздегі сәби өлімі мәселесін көтеріп отыр. Хабарда Ақтөбе облысында өз аяғымен ауруханаға барған қыз бала дәрігерлердің салғырттығынан қайтыс болыпты. Ал Ақтаулық сәби тағы да дәрігерлердің кесірінен мұрнынан айрылыпты. Айдың күннің аманынында бұл не сұмдық? Неге науқасқа дер кезінде көмек көрсете алмайды? Жауапкершіліктен қашып бір аурухана екінші ауруханаға жібереді. Бұл бүгін естіп отырған жаңалық емес. Бүкіл жерде күнде қайталанып отырады. Үлкен кісілер ауырса, сіздікі "қарттықтың салдары" деп қарамай бас тартады. Жасы жетпістен асса адам өле беруі керек пе? Емханаға барсаң, өз аузыңнан естіген ауруыңды қағазға әдемілеп жазып, мөр басып қолыңа ұстатады. Айта берсең мысал жетеді. Күніне бұл мәселемен кез-келген адам кездеседі. Жалпы, денсаулық сақтау органдарының қызметі не? Не үшін миллиард теңгелер бөлініп жатыр? Біздің елде пациентпен дұрыс сөйлесу де қалыптаспаған. Толық диагностика өту үшін дүниенің ақшасы кетеді. МРТ-дан өту неге қымбат? Ол аппаратты күнде сатып алып жатқан жоқ қой. Өткенде қатты науқастанған танысым ауруханаға жата алмай неше күн сандалып, соңында ақылы ем алды. Ал өз басым жүрек, қан қысымының себебін әлі анықтай алмай жүрмін. Көп тексерілуден өтіп барып дәрігерге барып едім, бір дәрі жазып берді. Соны ішсем жақсы болады екенмін-мыс.

Ал таныстарым Қырғызстан, Өзбекстан, Қытайға барып емделіп, жақсарғанын айтып жатыр. Осыдан он күн бұрын таныс бала Өзбекстанға барып, толық диагностика жасағаным теңгемен есептегенде 17000 теңге болды. Соның барлығы бір кабинеттен шешілді деп қуанып келді. Диагнозын да қойыпты, ем-домын да түсіндіріп жазып беріпті. Неге біздің елде осындай болмасқа? Не кедергі? Ғажайып ғимараттар салып қойдық. Соларда кімдер емделіп жатыр? Қайда барсаңда ұзақ-сонар кезек. Дәрігерге жазылу ол бір серия. Халыққа жағдай жасай алмайтын мекемелер кімге керек? Тым болмаса, алғашқы көмек көрсетсейші!!! Қаншама адамды қолдан өлтіріп отырсыңдар. Сөзім жоқ. Дамыған ел боламыз деген ертегіге ешқашан сенген емеспін. Ренжімеңдер!


Толкын Султанова

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 3324    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 18.11.2019, 11:38

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31