Қай елде бар осындай есалаңдық?

30 қазан 2020, 13:58

Бір мәңгүрт келіп тып-тыныш қана жұмысын істеп отырған орысша білмейтін шопыр жігітті әдейі арандатып, оған арыз жазып, содан полицей оның соңынан қуалап кеп «орысшаға орысша жауап бермепсің» деп бөлімшеге алып кетеді екен. Полицейде кінә жоқ. Осындайға барған ана қатынның қылығына, орысша білмегені үшін жазықты қылып жіберетін мына қоғамның мәңгүрттігінен түңіліп отырмын. Қай елде бар осындай есалаңдық? Өзіңіз ойлап қараңызшы, ақылға сыймайтын нағыз масқара нәрсе емес пе бұл!

Жолымбет Мәкіш

Фейсбуктегі парақшасынан