Тіл - тас жарады...

Қай органның басшысы орыстілді болса ол жерде мемлекеттік тіл оңбайды

  • Қай органның басшысы орыстілді болса ол жерде мемлекеттік тіл оңбайды

    Қай органның басшысы орыстілді болса ол жерде мемлекеттік тіл оңбайды

Сенатта мемлекеттік тілде әзірленетін заң жобаларының сапасы төмен екендігі сөз болды. Оны көтерген - депутат Мұрат Бақтиярұлы. Ол рас. «Это проблема, в которой нет виноватых. Мы не можем разобраться, как правильно то или иное слово подбирать и говорить. Наши ученые между собой не могут разобраться, а что тогда требовать от тех, кто должен в своей повседневной практике работать с этими данными, правильно?» деп күйінген Сенат спикері Дариға Назарбаева сөзінің де ептеп жаны бар. Біздің ғалымдар, лингвист-мамандар қай сөздікті пайдалануды әлі де білмейтін секілді. Мәселенің екінші жағы бар. Кезінде құжатпен өзіміз жұмыс істегенде бәрі қалыпқа келіп қалған секілді еді. Мемлекеттік органдарда қазақша құжат әзірлейтін мықты мамандар іріктеліп, термин таңдауда да біршама негіз қаланған болатын. Олар дайындаған құжаттар алдымен үкіметке тұсіп, мамандардың қолынан өтіп, Мәжілістегі одан да білікті мамандардың қолына барып түсетін. Осы үштік бірге жұмыс істейтін. Белгілі бір терминдер жүйесі қалыптасып, жақсы құжаттар әзірлене бастаған. Негізгі сөздік ретінде 2000 жылы Алматыдағы "Рауан" баспасынан сол кезгі министр А.Сәрсенбаевтың басшылығымен шыққан 31 томдық салалық сөздіктер пайдаланылатын. Бірақ көп ұзамай мемлекеттік органдардағы мемлекеттік тіл бөлімшілері бір жерде қысқарып, бір жерде басқа бөлімшелермен қосылып бастапқы статусынан, маңызынан айрылды да, мемлекеттік тілде кез келген адам құжат әзірлейтін болды. Сапа кетті. Әркім қолында бар сөздікті пайдалана бастады. Баяғы бірегейлік жойылды. Егер қазақ тілінде құжат әзірлейтініміз рас, түбі мемлекеттік тілде сөйлейтін мемлекетке айналғымыз келсе, онда мемлекеттік органдардағы мемлекеттік тіл бөлімшелерін (министрліктер мен комитеттерде - басқарма, агенттіктерде - бөлім) құрып, білікті мамандармен қамтамасыз етіп, жұмыс істеуге көшу керек. Кінәлілер бар, олар - мемлекетттік тіл басқармаларын таратып жіберген немесе жартылай қалдырып жарымжан еткен мемлекеттік орган басшылары. Қай органның басшысы орыстілді болса ол жерде мемлекеттік тіл оңбайды.


Дурәлі Дүйсебай

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 1471    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 30.09.2019, 10:35

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31