Тіл - тас жарады...

Қай заманда қазақ қатынына ханнан қайыр сұратып еді?

  • Қай заманда қазақ қатынына ханнан қайыр сұратып еді?

    Қай заманда қазақ қатынына ханнан қайыр сұратып еді?

"Нәзік, мейірімді, парасатты, ару" сөздерінен жаралған Әйел , мүдделі топтың қолшоқпары ретінде қолданысқа түскен тобырға айналғаны неткен өкінішті? Линкольн:"Әйелге бәрін беруге болады. Тек - мылтықты емес!"- дегенін біздің қазақ әйелдері шындыққа айналдырып бара жатқандай. Әйелдің жер бетіне келгендегі басты миссиясы;тіршілікті жалғастырушы өзек - Бала туу. Шүкір, бәрімізде бала бар. Ең алдымен өз бақытым үшін тудым. Құдайға шүкір, ұлдарымның мейріміне бөленудемін. Әжемін. Енемін. Не үшін, кім үшін бала туғанымды міндетсінуім, өзгенін өңешін суыруым керек? Табиғи талаппен күйеуге тиген әйел, бала тумағанда не бітірмек? Тумаған әйелдің еркек алдында қадырі жоғы ықылымнан белгілі жайт. Бұл сөзім, Жаратқанның шешімімен Ана болуды бұйыртпағандарға қатысы жоқ. Бала сүюге зар боп жүргендер, Жаратқанның сынағында жүргендер. Оларға Құдайдың мейірімі түссін! Ал, Сәуленің оқиғасынан соң, көп балалы ана статусын жамылған кей тобырлық санадағы әйелдердің бой көрсетуі - парасаты төмен, масылдық басым, дабырашыл, қауіпті күштің қалыптасқанын айғақтап тұр. Күллі әйелдердің атын жамылып қасиетті "Әйел", "Ана" сөздерін күлге аунатқандай жиіркенішке айналдыра бастады. Иә, көпбалалы анаға қамқор керек. Қадырленуі, қаржылай қолдау көрсетіліп, баспаналы болуын қолдаймын. Жазып та, мінберлерден айтып та жүрмін. Бірақ, әйелдің бір-біріне аш қасқырдай бассалуына қарсымын! Біз, бесеуміз. Анамыз жылқының соңында әкеммен бірдей жүріп, біздерді жетілдірді. Үкіметке қол жаю ойына кіріп те шықпады. Нағашы жеңгемнің 8 бала-шағасы бар. Көршілерде кемі бес, әрісі 10 баладан болды. Ешқайсы, тағы айтамын, ешқайсы үкіметтен көмек талап етпеген. "Әуелі құдайдың, сосын менікі" принципімен ашты-тоқты өсірді. Тәрбиеледі. Ешқайсымыз көше қаңғырмастан, қоғам азаматына айналдық. Әкелеріміз еңбек етіп, ақша тауып, ештеңеге мұқтаж еткізбей жетілдірді. Бүгінгі көпбалалы әйелдердің ар жағындағы "бала тудырушы күш" - еркектер не бітіріп жүр?! Тудырдың екен, неге бақпайсың? Неге қамтамасыз етпейсің? Туғызуға жеткен күш, өмірге келгеніне кінәсі жоқ баланы бағуға неге жоқ? Қай заманда қазақ қатынына ханнан қайыр сұратып еді? Баласын асырауға дәрменсіз әкені көрген ұрпақ - жігерсіз, соламсоқ, намыссыз боп өспей ме? Еркек бас көтеріп қоғамды қолға алмайынша, ұлт басын көтермейді. Қоғам көші түзелмейді. Еркек мықты болса, әйелін ешкімге қолшоқпар етуіне жол бермейді. Айтқым келгені тек Сәулені қолдау ғана емес - әйелді қорғау, отАналық парызын - отшашарлыққа жібермеу. Еркек қамқор боп, аяласын. Өшіктірмесін.Ешқандай партия, топ, тобыр болуына жол бермесін! Айналайын еркектер, әйелің мен балаңа ие болшы?!


Сая Қасымбек

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 2088    Пікірлер: 0

бейсенбі, 06.06.2019, 12:19

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30