Тіл - тас жарады...

Қазақ ақын-жазушыларының ауылға барып бір бас жеп қайтқаннан басқа беделі болмады

  • Қазақ ақын-жазушыларының ауылға барып бір бас жеп қайтқаннан басқа беделі болмады

    Қазақ ақын-жазушыларының ауылға барып бір бас жеп қайтқаннан басқа беделі болмады

Осы жұрт Совет өкіметін неге аңсайды екен. Ол өкімет біздің өкімет па еді?

Алысқа бармай ақ Совет өкіметінің ұлттық саясатын алайықшы. Қазақ ССР інде бірінші сорт халық сөз жоқ орекеңдер еді. Екінші сорт орыстанған украин, белорус, кавказдықтар.

Үшінші сорт орыс болмақ боп тыраштанған өз бауырымыз орыстілді қазақтар және Қонаевты "Димаш Ахметыч" деп қоршап жылпылдаған ұйғыр, татар сынды халықтар еді. Бұл байғұстар үшін орыстан қатын алу, орысқа үйлену деген нәрсе үлкен дәреже еді, одан бала тудырып баласын метис атандыру бұлардың көбіне арман еді. Бұлар үлкен дәрежеге жету үшін өз туған ділінен бас тартып, өз туған қандасын иттің етінен бетер жек көріп, оларды мәмбет атап, тағы басқалай өздерінің орекеңе бар адалдығын дәлелдеп бақты.

Төртінші сорт - ауыл деген резервация орталықтарындағы мал соңындағы осы біздің қаймана қазақ еді.

Советтің ұлттық саясаты дегені міне шамамен осындай.

Екінші миф."Совет заманында қазақ әдебиеті өркендеді мыс".

Бұл да оттаған әңгіме. Қазақ ақын - жазушыларын ол кезде ауылдағы қазақтан басқа ешкім танымайтын. Мен Целиноградта өстім, сол кезде орыстармен танысқанда мен оларға есімімнің Олжас Сүлейменовтің құрметіне қойылғандығын мақтанышпен айтқанда, орекеңдер менен "кто это" деп таңғала сұрайтын, яғни олар сол заман орысша тыраштанып кітап жазатын дүрілдеген Олжастың өзін танымайтын. Я сдес про Кекілбаев, Шерхан Мұртаза, Шаханов и другие уже молчу.

Сосын қазақ ақын - жазушыларының ауыл резервацияларға барып үйлерінде шалақазақ балалары да оқи алмайтын алқызыл кітаптарын таратып бір бас жеп қайтқаннан басқа беделі болмады.

Тіпті біздің марғасқалар Қасым мен Мұқағалилар пәлен жыл өз қалаларында баспанасыз қиын жағдайда жүретін.

Сөйтіп пәлен жыл қиналған Қасымның "бермесең бермей ақ қой баспанаңды, сонда да тастамаймын астанамды" деген өлеңі де бар.

Ал ана ұлы Мұқаң, Мұқағалидың пәлен рет Қонаевқа хат жазып өзінің қиын жағдайда жүргенін айтып көмек сұрай хат жазғанын, сол Қонаевтар еш жеріне қыстырмайтын. Сол Мұқағали қазақтың Есенины ғой, сондай тұлғаның еш қадыры болмады. Қонаевтар ол кезде вася коляларға пәтер таратып жүрген.

Жалпы, осылай санап отырып Советті қорғаушылардың дәйектерінің бәрінің басына су құйып шығуға болады.

Советтің экономикалық, саяси, идеологиялық салалары да тұнып тұрған қателік пен олақтық.

Ұзын сөздің қысқасы, Совет өкіметі қазаққа өте үлкен зиян әкелген жексұрын өкімет.


Олжас Әбіл

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 971    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 14.01.2019, 11:16

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31