Заң орысша жазылып қазақшаға аударылса, мағынасы екіұшты, көпшілікке түсініксіз, күлдібалам бірдеңе болып шыға келетіні белгілі ғой. Оны БАҚ бипаздап жатпайды, сол қалпында жұртқа таратады. Содан барып "кедейлік шегі" деген сияқты нағыз мағынасынан алшақтаған орысша сөздің калькасы ұғым болып қалыптасады.
Қазақ елінің заңы қазақ тілінде жазылып, одан кейін барып басқа тілдерге аударылуы тиіс. Сондықтан "əуелі жазылсын, содан кейін көре жатармыз" деген селқос ойдан аулақ болған абзал. Заңдарымыздың əу бастан қазақ тілінде жазылуын талап етейік, ағайын!
Гүлмәрия Барманбекова
Фейсбуктегі парақшасынан