Тіл - тас жарады...

ҚАЗАҚ жігіттері Оралда бас көтеріп, жерді сақтап қалды...

  • ҚАЗАҚ жігіттері Оралда бас көтеріп, жерді сақтап қалды...

    ҚАЗАҚ жігіттері Оралда бас көтеріп, жерді сақтап қалды...

Бүгін қазақ рухының бір сыналған күні. 1991 жылы 15 қыркүйекте Орал қаласында казактар "орыс патшалығына адал қызметтің 400 жылдығын" тойламақ болды. Артынша олар жергілікті биліктің тыйымына қарамастан Ресейдің өзге аймақтарынан казак атамандарын шақырып, өз білгенін істеуге көшті.
Сол сәтте, сол сын сағатында елім деген, жерім деген жігіттер атқа қонды. Қазақстанның түкпір-түкпірінен Оралға аттанып жатқан қазақтың намысты жігіттері аз емес еді. Тіпті "Аттанайық Жайыққа" атты қозғалыс та аз уақытқа болсын өмірге келді.Солар, солар Қазақ жерінің тұтастығын сақтап қалды.
Дәл сол сәтте Приднестровьеде казактар орыс үшін соғысып, өліп жатқан болатын. Абхазия мен Кавказдың біраз аймағында да соғыс әне-міне тұтанудың алдында тұрды. Казактар Ресейдің астыртын жоспарымен Оралды, еліміздің мұнайлы батыс өлкесін бөліп алып, "Орал автономиясын" немесе "Орал Республикасын" жариялауға дайын еді. Тіпті кей бейресми деректер Оралмен шекаралас Ресейде танктер сепаратистерге көмекке келуге дайын болды дейді. Не болса да, 400 жылдығын тойлап, артынша Қазақ жерін бөліп алуды ойлағаны анық. Оны тіпті кейінгі журналистік зерттеулер де анық көрсетті.
Сол мезетте намысын, отаншылдық сезімін жанынан артық қойған ҚАЗАҚ жігіттері Оралда бас көтеріп, мыңдаған адам алаңға шығып, жерді сақтап қалды. ҚАЗАҚ аумағының тұтастығын қорғады. Ал егер сол сәтте бұғып қалғанда, бәлки қазір аумағымыз бұдан бірнеше есе кіші болар ма еді?... Сол ерлік үшін мың алғыс, Қазақ батырлары!

Бүгін ол оқиға жайлы айтыла бермейді. Кеше бас көтерген жігіттердің есімдері де ұмыт болуда. Сол жігіттерге Оралда тым болмағанда көше атауы бар ма екен? Білмедім...
Әскери казак бірлестіктері Украинада соғысып, тұтастығын тартып алды. Олар бізде де толып жатыр. Арнайы формасына тыйым салып, қой дейтін қожа табылар емес. Казак пен ҚАЗАҚтың тарихын ескерсек, ең сақтанар қауіптің бірі осындай әскери бірлестіктер, ұйымдар ғой. Сондай мемлекетке тиесілі емес әскери формаға, шеруге тыйым салар заң, шек қоятын тұлға бар ма елімізде? Ойланайық...


ПыСы: Суретте сол оқиға батырлары! Біз ұмытпаймыз!

 

Асхат Қасенғали
Фейсбуктегі парақшасынан

 




Көрілген: 1959    Пікірлер: 0

сейсенбі, 15.09.2020, 10:53

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30