ҚАЗАҚ ҚОҒАМЫ – ХАОС

09 сәуір 2021, 17:01

Біздің қазіргі қоғамда ең мәдениетті, тәрбиелі адам дегеніміз – көнбіс, жуас, момын адам. Өз ісінің кәсиби маманы болмаса да, олар жұмыста ұзақ уақыт сүйретіліп жүре береді.

 

Себебі, өзінің біліміне, талантына сенбейтін басшылар үшін осындай кемшілігін бетіне баспайтын «мәдениетті» адамдармен   жұмыс істеу тиімді.

 

Шын мәнінде, ақиқатты, шындықты айта алмаған әрқайсымыз рухани қылмыскерміз.

 

Адам өлтірген жоқпыз, біреуді ұрып, жарақаттаған жоқпыз, тек өзімізді тұншықтырып, улап жатырмыз.

 

«Жұмыстан шығарып жібермесін» деп ештеңе айтпаймыз. Жұмысқа сүйретіліп барып, сүйретіліп қайтамыз.

 

Солай сүйретіліп жүргенде өмір өтеді.

 

Сүйретіліп жүрген адамның жұмысында нәтиже бола ма? Әрине, жоқ. Қу нәпсіңіз қанағаттанды ма? Жоқ.

 

Бізде мұндай адамдар мың емес, жүз мың емес, миллион... 

 

Бірақ олардың бәрі  ойыңды ашық айтатын, дамыған, жақсы қоғамда өмір сүргісі келеді.

 

Бірақ, шын мәнінде,  демократиялы қоғамды құратын, құруға шамасы келетін сол адамдар.

 

Бірақ үн қатуға, шындықты айтуға қорқады.

 

 

Қазақ қоғамы – хаос.

 

Біздің қоғамның о баста сыртқа шыққан жарасы ішке түсіп кетті. Бірақ ол – біздің ғана қоғамымыз.

 

Оның диагнозын өзіміз ғана білеміз. Білеміз, бірақ емдегіміз, емделгіміз келмейді.

 

 

 

      

Ая Мантай

Фейсбуктегі парақшасынан