Тіл - тас жарады...

Қазақ полициясы орысша білмесе сүміреймеуі керек!

  • Қазақ полициясы орысша білмесе сүміреймеуі керек!

    Қазақ полициясы орысша білмесе сүміреймеуі керек!

Қазақ полициясы орысша білмесе сүміреймеуі керек! Төтенше жағдай режимін бұзған азаматтардың полицейлерге ауыза келгенін айтып, балағаттағаны кез-келген адамның шамына тиеді. Үш күннен бері ел талқысына түскен видеодағы полицейлердің орысша сөйлей алмай қысылып тұрғанын байқау қиын емес. Жалпы орыс тілді азаматтардың осы тілді аса жетік меңгермеген құқық қорғаушыларға едіреңдеп, провакациялық сауалдар қойып, әдейі сүрінсе екен деп әжуалайтын видеолары жиілеп барады. Сөзім дәлелді болу үшін ғаламторды бір сапырып шықсаңыз жеткілікті. Енді заңға қарап көрейік, ҚР Тіл туралы заңының 12 бабында Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнде, сондай-ақ әскери және әскерилендiрiлген құрамалардың барлық түрiнде, мемлекеттiк бақылау мен қадағалау, азаматтарды құқықтық қорғау ұйымдарында және құқық қорғау органдарында мемлекеттiк тiлдiң және орыс тiлiнiң қолданылуы қамтамасыз етiледi. Мұнда тек орыс тілінде жауап бер деген сөз жоқ. Яғни мемлекеттік тілде жауап беруіңізге шектеу қойылмаған. Енді осы заңның 11 бабында "мемлекеттiк және мемлекеттiк емес ұйымдардың азаматтардың өтiнiштерi мен басқа да құжаттарға қайтаратын жауаптары мемлекеттiк тiлде немесе өтiнiш жасалған тiлде берiледі" деп тұр. Дегенмен орыс тілділердің сүйенетіні мемлекеттік тіл туралы заңның 5 бабы. Онда "мемлекеттiк ұйымдарда және жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарында орыс тiлi ресми түрде қазақ тiлiмен тең қолданылады" деп көрсетілген. Алайда бұл полицейлердің орыс тілін жетік білмесе оған сол тілде жауап беруге міндетті дегенін білдірмейді. Себебі тілді білмей жатсаңыз сізді әлдебіреудің мазақтап, масқаралауы заңмен қудаланады. Тіл туралы заңның 7 бабында "тiлдiк белгiсi бойынша азаматтардың құқықтарын кемсiтуге жол берiлмейдi" деп жазылған. Яғни полицейлердің орыс тілін білмесе қысылмай қымтырылмай қазақ тілінде қызмет көрсетуіне болады. Айналып келгенде қазастандық полицияның қазақ тілінде сөйлейтін кезі келді. Сізді түсінбеген адамға аудармашы шақыртыңыз. Сотта заң бұзушы арқылы аудармашының ақшасын да шығарып алуға болады. Сүмірейіп, жәутеңдеудің қажеті жоқ.

Копжасарулы Ерканат
Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 2495    Пікірлер: 0

бейсенбі, 23.04.2020, 11:42

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31