Қазақ тамұқтан ұжмақ өмірге тезірек жетсе екен деген пейіл ғана қозғау салады
Азаматтық қайраткерлігі қарқынды қоғам - озады!
Ал надан қоғам - тозады!
Қараңсың ба? Азуын айға білеген елдердің тарихын ақтар! Өркениеттің ұлар шыңынан құламай тұрғандардың бүгінін қотар!
Билікті "ермек" үшін сынамаймыз.
Санасы "инфанттар" - азаматтық қоғамның күрескерлігін өзінің рухани мешел деңгейінде сараптап, көсемсіп көсіледі-ай дейсің келіп. Көбіне іштей күліп отырғаныңмен, кейде жылағың келеді екен...
Дина Елгезек
Фейсбуктегі парақшасынан