Тіл - тас жарады...

Қазақ тілін қорлау қашан тиылады?

  • Қазақ тілін қорлау қашан тиылады?

    Қазақ тілін қорлау қашан тиылады?

Қазақтар шығарды ма, әлде басқалар шығарды ма, "Жумайсынба" деген шампунь шығыпты.
Бүгін "Тенгриньюс" сайтынан оқыдым. Видеожарнамасы да қатар беріліпті. Бірақ ондағы қазақ балаларымның қазақ сөзін орысша "блатной акцентпен" бұзып сөйлегені, ардақты ана тілімізді қорлағандай, кекеткендей құлағыма түрпідей тиді.
Ал шамуньнің сыртына "Жумайсынба" деп "сүйкей" салу - Қазақстан атты үлкен елдің Конституциямен бекітілген мемлекеттік тілін қорлаудың таза өзі деп білем.
Бір ғана сөзде бақандай 3 қате жүр.
Біріншіден, "Ң" әрпінің орнына "Н" әрпі жазылған.
Екіншіден, "Жумайсың ба" деп бөлек жазылуы керек. Үшіншіден, "Жумайсың ба?" деп біреуден сұрап тұрған соң сөз соңында сұрақ белгісі (?) қойылады.
Шампунь шығарған кәсіпорын иелерінің елге пайдалы еңбек еткеніне қуана отырып, өз өнімі мен өзі еңбек ететін елдің мемлекеттік тіліне осыншама немқұрайды қарағанына қатты күйіндім.
Неге өздері жұмыс істеп жатқан өңірдегі ақын, жазушыларға, олардың ішінде де сауатсыздар бар десе, қазақ тілі мен әдебиеті бойынша филолог мамандарға барып: "Мына "Жумайсынба" деп жазғанымыз дұрыс па, бұрыс па?" деп сұрап алмайды?
Өте өкінішті.
Қазақстанда оның жергілікті тұрғындары - қазақтардың тілін қорлау қашанға дейін созыла береді?

Көсемәлі Сәттібайұлы

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 2329    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 03.03.2021, 11:54

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    9 Сәуір, 17:01
    ҚАЗАҚ ҚОҒАМЫ – ХАОС
    23 Ақпан, 09:09
    Біз кімбіз, сонда?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31