Қазақстан әрбір екі жылда Чернобль апатын бастан кешіріп отыр
Көп адам Семейде ғана полигон бар деп ойлайды. Бірақ, Қазақстанның қойын-қонышы полигондар мен радиоактивті элементтерге толып тұр. Бұны ешкім ашып айтпайды.
Мәселен, Капустин Яр-ды қайда қоямыз? Бұған қоса, Орал өңірінде Лира және Регион деп аталатын полигон бар. Атырау облысында жер астында 17 жарылыс жасалған «Азғыр» полигоны әлі тұр. Маңғыстау, Ақтөбе, Қызылорда, Шымкент, Көкшетау мен Қостанай жақта да «халық шаруашылғы үшін» деген желеумен он шақты осындай жарылыс жүргізілген. Бұлардың қатарына еліміздегі 118 кен орны мен рудниктерді қосыңыз. Олардың іргесінде 237 миллион тонна радиоактивті қалдықтар ашық-шашық жатыр. Бұлар жыл сайын 16 жарым миллион кюри бөледі екен. Ал мұнай өндеуден шығатын қауіпті заттың зияндылығы кейде 6000 микрорентгенге дейін жетеді... Осылардың барлығының басын қоссақ, Қазақстан әрбір екі жылда Чернобль апатын бастан кешіріп отырады екен. Осыдан кейін мәселенің байыбына бармай, ұлттың денсаулығы неге нашарлап барады, экология неге нашарлап кетті деп, өңеш жыртудың өзі ақымақтық.
Жолымбет Мәкішев
Facebook-тегі парақшасынан
Жұлдыз
Радиосы